Бозымбаев Орал қаласын су тасқынынан қорғау дайындығын тексеріп, қорғаныс бөгеттерін нығайтуды тапсырды

Жарбол Кентұлы 15 апр. 2024 10:52 2243

Вице-премьер, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқынының салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев Оралдағы су тасқынының белсенді кезеңіне дайындық барысын тексеріп, өзен жағалаулары мен қорғаныс бөгеттерін нығайтуды тапсырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оралдағы Жайық өзенінің су деңгейі сағат 12:00-де 7,58 метр болды. Сарапшылар су тасқынының шарықтау шегі 20-21 сәуірде болады деп болжап отыр.

Жайық өзенінің қала тұсымен өтетін бойы 28 шақырым, оның 21 шақырымына біліктер мен бөгеттерді нығайту және салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұл жұмыстарға 1300 ерікті мен 800-ге жуық әскери қызметкер, 300-ден астам арнайы техника тартылған. Сонымен қатар бүгін Оралға Алматы, Қызылорда және Түркістаннан 150 бірлік қосымша техника келеді.

Вице-премьер жер біліктерінің деңгейін 12 метр дейін көтеруді тапсырды (қазір қала бойынша қауіпті меже 8,5). Сондай-ақ Оралды Шаған өзенінің жайылмасы жағынан қорғау туралы шешім қабылданды.

Су басу қаупі жоғары аумақтар –  қаланың саяжай массивтері, Бөрлі, Теректі, Ақжайық және Бәйтерек аудандарындағы елді мекендер. Өзен алабы бойындағы бау-бақша серіктестіктерінің тұрғындары эвакуацияланды. Оралда 18 жедел-эвакуациялық пункт ашылды. Мұнда 1690 адам орналастырылған.

 


Рекомендовать
Последние новости