Боранды күні жолда қалып қойсаңыз не істеу керек?

Қаракөз Амантай 03 янв. 2025 19:46 1226

Қазақстандық дәрігер әрі экс-денсаулық сақтау вице-министрі Людьмила Бюрабекова боранды күні жолда қалып қойған жағдайда не істеу керек екенін айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қатты аяз бен қарлы боран кезінде қажетті дайындық пен іс-әрекет бойынша жадынама:

1.Жолға дайындық

• Маршрутты мұқият жоспарлап, ауа райы болжамын алдын ала зерттеңіз.

• Автокөлігіңіздің техникалық жағдайын тексеріңіз: жанармай, антифриз және май деңгейін анықтап, қажетінше толтырыңыз.

• Апаттық жиынтықты дайындаңыз: сүйреу арқаны, сырғанауға қарсы шынжырлар, күрек, көрпе, жылы киім, азық-түлік, су, батареясы бар фонарь, дәрі-дәрмек қобдишасы, телефон қуаттағыш.

2.Көлікте міндетті түрде болуы керек заттар

• Жылыту құралдары (мысалы, шамдар мен сіріңкелер), қосымша жанармай және жөндеу құралдары.

• Телефон немесе рация үшін қосымша қуат көзі, байланысты үзбеу үшін қажет.

3.Топпен қозғалу

• Қатты аяз және боран кезінде бірнеше көлікпен бірге колоннада жүру ұсынылады. Бұл апат немесе ақау болған жағдайда көмек алу мүмкіндігін арттырады.

4.Боран жолда басталса, не істеу керек

• Қауіпсіз жерге тоқтаңыз.

• Көлігіңізді көрнекті ету үшін жарқын мата немесе жыпылықтайтын шамдар қолданыңыз.

• Көлікті желге қарсы бағыттап қойып, радиаторды жабыңыз – бұл қозғалтқышты суытуды азайтады.

• Жанармайды үнемдеңіз. Пеш пен қозғалтқышты ара-тұра қосып, үнемі жұмыс істетпеңіз.

5.Көлік қарға көміліп қалса

• Көліктің түтін шығаратын құбырын жиі тазалаңыз, улы газдың ішке кіріп кетуінен сақтаныңыз.

• Салонды желдету үшін есікті немесе терезені бірнеше секундқа ашып тұрыңыз.

• Көліктен шығу керек болса, өзіңізді арқанмен немесе ұзын затпен байлап шығыңыз – бағыттан адасып кетпеу үшін.

6.Көлік жүрмей қалса

• Жағдайды бағалаңыз: жақын маңдағы нысандарды, елді мекенге дейінгі қашықтықты және байланыс мүмкіндігін анықтаңыз.

• Көлікте қалуды шешсеңіз, үнемі қимылдап, ұйықтамауға тырысыңыз – мұздап қалмау үшін.

• Сигнал беру құралдарыңыз болса (жарық, ракета), оларды көмек шақыру үшін пайдаланыңыз.

7.Көмек іздеуге шығу

• Бұл қадамды тек көріну деңгейі жақсы болған жағдайда және аса қажеттілік туындағанда ғана жасаңыз.

• Барынша жылы киініңіз, ашық тері бөліктерін жауып жүріңіз.

• Автокөлікте жазбаша түрде маршрут пен шығу уақытыңызды қалдырыңыз.

Ұсыныстар:

• Ауа райы болжамдары мен дауылдық ескертулерді үнемі бақылап жүріңіз.

• Жаман ауа райында жолға шықпаңыз және дауыл кезінде жолға шығудан бас тартыңыз.

• Жақындарыңызға бағытыңыз бен келу уақытыңыз туралы хабар беріңіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз 


Рекомендовать
Последние новости