Болат Назарбаевтың "оң қолы" Қоспаевтың соты құпия режимде өтеді

Көркем Алдабергенова 24 сент. 2024 09:41 2691

 
Болат Назарбаевтың "оң қолы" Елдос Қоспаевтың соты жабық режимде өтеді, - деп хабарлайды Dalanews.kz "Ордаға" сілтеме жасап. 

Сот процесінің жабық режимде өтуінің ресми және бейресми себептері бар. 

Істі Астанада мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр. Қазіргі таңда Қоспаев ұйымдасқан қылмыстық тобының ісіне қатысты алдын ала тыңдаулар аяқталды. Басты сот отырысы 24 қыркүйекте басталатыны хабарланған. 

Қоспаевты қылмыс әлеміндегілер "адам жегіш" деп атайды. 

Қылмыстық іс бойынша айыпталушы 11 адам, олар:

Елдос Қоспаев,Айдос Қоспаев,Айбек Қоспаев, Ерлан Имашев,Руслан Шалин, Оксана Кудряшева,Тимур Танашев,Алексей Кузнецов,Дастан Абижанов,Рауан Бабаев,Асар Алтынбасаров.

Бұл адамдардың бәрі рейдерлік жасап, адам ұрлап, қылмыстық топ құрған және жалған құжаттар жасаған деп айыпталып отыр. 

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті былайғы ортада Болат Назарбаевтың сенімді өкілі саналып келген Елдос Қоспаев бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесін Солтүстік Кипрден Қазақстанға жеткізгенін мәлімдеген еді. Бұл операция былтыр 6 қыркүйекте жүзеге асырылды.

Бұл топқа ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі рейдерлік жасады, ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және оған қатысты деген күдікпен халықаралық іздеу жариялаған болатын.

Осылайша Жамбыл облысының бас прокуроры Нұрғалым Әбдіров Елдос Қоспаевтың қылмыстық тобы елден шекарадағы салғырттық салдарынан қашып кеткенін айтты. 

"Қордайдағы тәртіпсіздіктер кезінде мемлекеттік органдардың жұмысы дұрыс емес екені анықталды. Оның ішінде, мемлекеттік шекараның сенімсіз болуы да бар. Шекара қызметін бақылау біздің құзырымыздағы нәрсе емес. Бірақ біздің облысымыз шекарада тұрғандықтан шекара қауіпсіздігі мәселелері біздің бақылауымызсыз қалмайды. Бұл жұмысқа құқық қорғау органдары ғана емес, жергілікті атқарушы органдар да тартылады. 

(...)

Соңғы жылдары Қазақстанды Еуропаға өту үшін Оңтүстік Азия азаматтарының (Пәкістан, Непал, Бангладеш, Ауғанстан) транзиттік ел ретінде пайдалану жағдайлары жиілеп кетті. Қазір біз қылмыстық элементтерді қолдана алатын шекараның тар және әлсіз жерлерін алып тастаумен айналысамыз", - деді Әбдіров Orda.kz-ке берген сұхбатында. 


Рекомендовать
Последние новости