Болат Назарбаев өз бетімен қозғала алмайды – заңгер

Dalanews 21 сент. 2023 18:07 1022

Қазақстанның бұрынғы президентінің інісі Болат Назарбаев тұрақты медициналық көмекке мұқтаж. Ол сол себептен сотқа қатыса алмайды, – деп мәлімдеді оның адвокаты сотта.

Сондай-ақ, сотта адвокат Болат Назарбаевтың медициналық құжаттарын қосуды сұрады.

«Бұл жағдайда науқас Болат Әбішұлының тергеу әрекеттеріне, сондай-ақ сот отырысына қатыса алмайтыны көрсетілген. Ол тез шаршап қалады. Аяқ-қолында күш пен дисфункция әлсірегендіктен, қозғалыс та жоқ. Ол өз бетінше қозғала алмайды, сол себептен мүгедек арбасымен ғана жүреді», – деді Назарбаевтың адвокаты сотта.


Аз-кем ақпарат ретінде айта кетсек, 70 жастағы Болат Назарбаев бұған дейін «бизнесімді күшпен тартып алды» деген «Алматы әйнек» компаниясының басшылығын «жала жапты» деп қарсы шағым түсірген еді. Ал сот Б.Назарбаевтың дертке шалдыққанын және физикалық жағынан ешкімге зиян тигізе алмайтынын ескеріп, үкім шығарған.

Назарбаевтың өкілдері моральдық шығынды өтеу ретінде 1,5 миллион теңге талап етті. Сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, Абдуллаевтен 500 мың теңге өндіру туралы шешім шығарды.


«Бұқаралық ақпарат құралдарында тарату фактісінің болуын, таратылған ақпараттың ақиқатына сәйкес келетін мән-жайдың жоқтығын, қозғалған қылмыстық істердің және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы сот актісінің фактілерінің жоқтығын ескере отырып, сараптама қорытындысы бойынша сот талапкердің талаптары ішінара қанағаттандырылды деген қорытындыға келді», – делінген Алматы қаласы Әуезов ауданының №2 сотының қаулысында.

Яғни, «Сот отырысында талапкердің ауруына байланысты немесе өзге де себептер бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылғаны және оған қорғаншылық белгіленетіні туралы дәлелдер алынған жоқ», – делінген сот актісінде.

Рекомендовать
Последние новости