Ал, ислам қоғамның барлық саласында дін талаптары мен заманауи нақты ғылымға сүйене отырып амал жасауды қолдайды, сондықтан Иран бүгінде ғылым мен техника саласы бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің сапында.
Осыған орай біршама деректерді келтірейік:
Ирандағы Хамадан қаласында орналасқан ғылыми-техникалық орталық зерттеушілері араларды жасанды ұрықтандыру үшін олардың генетикалық ахуалын жақсарту механизмін ұсынды, бұл олардың түрлі ауруларға қарсы емдік шипасын арттырады. Мұндай технология тек Германия мен Данияда ғана бар еді. Араларды ұрықтандыру жөніндегі техникалық ілім жағынан Иран дүние жүзі бойынша үшінші орында, неміс сарапшылары ислам еліндегі бұл технологияның әлемдік сапа үлгісіне сай келетінін мәлімдеді.
[caption id="attachment_9073" align="alignright" width="487"] Ғарыштық ғылым мен техниканы аз ғана мемлекеттер меңгерген. Иран осындай ілімді меңгерген өз аймағындағы жалғыз мемлекет. [/caption]
Ядролық ғылым жағынан да өз орнын таба білген уранмен байытылған ядролық отынды бейбіт мақсатта пайдалануда, бұл саланы дамыту әзірге 7-8 мемлекеттің ғана еншісінде екені көзі қарақты жұртқа мәлім емес пе? Әлемдік ғарыштық кеңістікке ену де Иранның ғылым мен техникадағы үлкен жетістігі. Ғарыштық ғылым мен техниканы аз ғана мемлекеттер меңгерген. Иран осындай ілімді меңгерген өз аймағындағы жалғыз мемлекет. Бұған дейін жер орбитасына бірнеше жасанды жер серігі (спутник) жіберілген еді, келешекте жаңадан жасалған тағы да бірнеше жасанды жер серігі ұшырылмақ. Иран осындай жер серіктерін шығаратын, жобасын жасайтын және көкке жіберетін алты мемлекеттің бірі.
Иран Азия бойынша стратегиялық лазерлік индустрия жағынан бірінші орында. Одан кейін Қытай, Корея, Жапония, Түркия екенін ескерсек, бұл елдің осы салада қаншалықты алға шыққанын аңғарасыз. Бұдан жүз жыл бұрын лазер өндірісін алғаш ойлап тапқан адам ирандық Джаван мырза еді. Электроника, механика өнеркәсібінде, әскери қорғаныс, медицинада бұл өндіріс жылдам қарқынмен тарады. Иран лазерлік технология саласындағы ілімді дамытып қана қойған жоқ, машина жасау, медицина, аэроғарыштық өндіріс салаларына осы ілімге байланысты жаңалық (жылдамдық, дәлдік, сапа) енгізіп, сүбелі үлес қосты. Бұл сала бойынша Иран осы ілімді меңгерген он елдің ішінде. Ал, аэроғарыштық ілімді екіге бөлуге болады: әскери және азаматтық. Ұшқышсыз (пилотсыз) ұшақтардың жобасын жасау әрі жинақтау жөнінен жер шарындағы төрт мемлекеттің бірі де осы – Иран. Бұл саланы одан ары дамытуды қолға алып отыр.
Иран адамның миы өлгеннен кейін ағза алмастыру (донорлық) жағынан Таяу Шығыста бірінші орынға шықты. Тегеран мен Шираз қалаларында лапароскопия тәсілімен 1000-ға жуық бауырды, 3000 бүйректі ауыстыру оталары табысты түрде жүргізілді. Шираз қаласы бауырды ауыстыру және дене мүшелерін алмастыру жөнінен әлем елдерінің арасында үшінші орынды алады.
Адамдардың денсаулығын қорғауға бірінші кезекте көңіл бөлетін парсылар елі медицинаға баса назар аударады. Мысалы, қатерлі ісікті операциясыз емдеу медицина ғылымының үлкен жетістігі. Иран осы әдісті қолданатын әлемдегі дамыған елдер санатында төмендегідей тәсілдерді қолданады:
- Қуық қалбыршағы және безін оларды алып тастамай емдеу ;
- Балалардағы қуық жолдары тарылуын отасыз емдеу;
- Бүйрек қатерлі ісігін бүйректі алмай емдеу;
- Бүйректегі тастарды ультрадыбыс арқылы табу.
- Әлемде бірінші рет нигелла өсімдігінен «Phytovagex» дәрісі жасалып шығарылды.
Иранның фармацевтикалық өндіріс зерттеушілері Машхадттағы медициналық университетпен біріге отырып, дүниежүзі бойынша тұңғыш рет таз ауруы, әсіресе қышымаға қарсы Candida Albicans (кандидоза) емдейтін жаңа дәрілерді шығарды. Бұл аурудан көбіне әйелдер азап шегеді. Әлемде бірінші рет қышыма және инфекцияға қарсы нигелладан жасалған жаңа вагиналды дәрілер тұңғыш рет осы елде шығарылды.
Сондай-ақ, Иран адамның миы өлгеннен кейін ағза алмастыру (донорлық) жағынан Таяу Шығыста бірінші орынға шықты. Тегеран мен Шираз қалаларында лапароскопия тәсілімен 1000-ға жуық бауырды, 3000 бүйректі ауыстыру оталары табысты түрде жүргізілді. Шираз қаласы бауырды ауыстыру және дене мүшелерін алмастыру жөнінен әлем елдерінің арасында үшінші орынды алады. Бұл қалада ағза мүшелерін ауыстыруға байланысты ғылыми зерттеу жұмысын жүргізетін орталық орналасқан. Мұндай орталықтар дүниежүзі бойынша АҚШ-та екеу, Ұлыбританияда біреу ғана.
Иранның мықты ғалымдарының күш салуымен әлемдік медициналық стандартқа сай келетін діңгекті жасушалар тәсілімен өте ауыр халдегі 5000 адам емделіп жазылды. Бұл әдісті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен болатын. Осы тәсіл арқылы нақты емдеу жүйесі жоқ қан диабетін, бауыр, жүрек ауруларын, басқа да неврологиялық дерттерді емдеп, жазуға болады. Құдды, парсылар бұл салада Ибн-Сина салған жолды қайта жалғастырып жатқандай әсмерге бөлейді.
[caption id="attachment_9074" align="alignleft" width="419"] Иран жасушалы терапия тәсілімен емдеу жөнінен Таяу Шығыс аймағында көшбасында келеді. [/caption]
Иран көздің мүйіздік қабығын күйіктен емдеу жөнінен әлемдегі үш мемлекеттің бірі. Бүгінгі таңда осындай тәсілмен айына 3-4 адам емделіп жазылуда. Бұл ауру химикаттармен жұмыс істейтін немесе химиялық шабуылдарға куә болған адамдарда кездеседі. Осыған байланысты зерттеу жұмыстары Иранда, Италияда және Ұлыбританияда жүргізілген еді. Фараби атындағы аурухана көз алмасын емдеуді жүзеге асыратын ең ірі орталықтардың бірі. Мұнда жылына 700 мың ота жұмыстары жасалады. Иран жасушалы терапия тәсілімен емдеу жөнінен Таяу Шығыс аймағында көшбасында келеді. Иранның мықты ғалымдарының күш салуымен әлемдік медициналық стандартқа сай келетін діңгекті жасушалар тәсілімен өте ауыр халдегі 5000 адам емделіп жазылды. Бұл әдісті дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен болатын. Осы тәсіл арқылы нақты емдеу жүйесі жоқ қан диабетін, бауыр, жүрек ауруларын, басқа да неврологиялық дерттерді емдеп, жазуға болады. Құдды, парсылар бұл салада Ибн-Сина салған жолды қайта жалғастырып жатқандай әсмерге бөлейді.
Иранның ғылым мен техника саласындағы орасан зор табыстарын бір мақалада санамалап шығу мүмкін емес. Азулы мемлекеттердің қысымына ұшыраса да, адамзатқа пайдалы өнімдерді шығарып, ислами өркениеттің даңғыл жолына түскен Иран Ислам Республикасы алда да әлемді таң қалдырыр ғылыми жаңалықтар ашуда көш басшы елдердің қатарынан табылады деп үміт артамыз.
Гүлбаһрам ЖЕБЕСІН,
Алматы қаласы.