Бірінші жарты жылдықта Алматы облысында 10 761 адам жұмысқа орналасқан

Dalanews 26 июл. 2022 09:59 1074

Алматы облысында бірінші жартыжылдықта 15317 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 9366 тұрақты. Бұл жайында Алматы облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бақыткүл Төлебекова  мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы, облыс бойынша 32,6 мың жұмыссыз ретінде тіркелген. Аймақтағы  жұмыссыздық деңгейі соңғы алты айда 4,8% құрады.

Өңірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандарда баршылық. Олардың  саны 188,6 мың адамды құрайды, жұмыспен қамтылған халықтың ішіндегі үлесі – 28,6%.

Айта кетейік, аймақ халқы Кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының шарапатын көруде. Аталмыш жоба аясында  6,5 млрд теңге бөлініп, 12,9 мың өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтар мемлекеттік қолдау шараларының арқасында жұмыспен қамтылды.

Мәселен, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1280 адам жіберілетін болады, оның ішінде ағымдағы жылдың 1 шілдесіне 559 адам жіберілді.

– Бірінші жартыжылдықта 10761 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 5246-сы немесе 48,7%-ы тұрақты жұмыс орындарына орналасты, – деді Бақыткүл Төлебекова.


Алматы облысында екі аймағында тұрақты жұмысқа орналасу деңгейі төмен. Олар – Қонаев қаласы мен Балқаш аудандары. Мұндағы көрсеткіш 25%-дан аспай тұр.

Ал жастар тәжірибесі аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасудың төмен пайызы Қарасай ауданында тіркелген. Бұл жерде көрсеткіш 27,3% құрайды.  Жамбыл ауданында ахуал тіпті нашар. Аталған ауданда бірде-бір адам жұмысқа орналаспаған.

– Қоғамдық жұмыстар аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасу төмен деңгейі  Жамбыл – 3%, Іле – 6,8%, Талғар – 19,2%, Балқаш – 25% аудандарында тіркелді. Тіпті, Еңбекшіқазақ ауданында бірде-бір адам жұмысқа тұрмаған, – деп қорытындылады Бақыткүл Төлебекова.

Рекомендовать
Последние новости