"Біреу мемлекетке бір нәрсені ымдап отыр". Саясаттанушы Шерзаттың үйінің өртенуіне қатысты

Көркем Алдабергенова 12 окт. 2024 12:08 4673

Белгілі саясаттанушы Ғазиз Әбішев Талғардағы төбелес кезінде қаза тапқан Шерзат Болаттың үйінің өртеніп кетуіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Мұнымен біреу мемлекетке бір нәрсені ымдап отырған сияқты: мемлекеттің қолынан түк келмейді, мемлекеттік ешкім құрметтемейді, елде тәртіп сақталмай жатқанын және бәрі біртіндеп ыдырап жатыр дегенді жеткізгісі келіп отырған сияқты. 

Бүгін үй өртенді. Ертең италиялық мафиялар туралы фильмдердегідей судьялармен, комиссарлар мен шенеуніктермен төбелес бастала ма? Алдағы күндері қылмыскерлердің Қазақстанның қауіпсіздік аппаратының мүмкіндіктеріне қаншалықты дұрыс баға бергенін көреміз",- дейді Әбішев. 

Айта кетейік, 12 қазанға қараған түні Талғар трагедиясында қаза тапқан Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарлана бастады. 

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Куәгерлердің сөзінше, үй тұтас өртеніп кеткен.

Бұл дерекке Полиция департаменті жауап берді. 12 қазанға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы үйлердің бірінде өрт болды.

Бөтеннің мүлкін қасақана жою дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. 

Тергеу аясында куәгерлерден жауап алынып жатыр, сондай-ақ бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп жатыр. 

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Осы жағдайдан кейін төбелес басталған.

Кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі таңда кінәлі деп танылған 7 адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.


Рекомендовать
Последние новости