Біліктілікті жетілдіру басты бағыт

Dalanews 28 апр. 2018 04:21 1158

Елбасы Жолдауында педагогикалық құрамның сапасын арттыру маңыздылығын, базалық педагогикалық білім беру стандарты мен мектеп және жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктіліктерін арттыру талаптарын күшейту, цифрландыру қажеттілігін атап өткен. Жолдаудағы міндеттерді орындау барысында біліктілікті арттыру жүйесін модернизациялауға бағытталған маңызды тың жұмыстар атқарылып жатыр.



Оқытушылар қауымының біліктілігін арттырудың басты мақсаты мектептердегі білім маз­мұны­ның жаңартылған форматтағы бағдарлама­ларымен және әлемдік талаптарға сай оқы­ту технологияларымен жұмыс жүргізе ала­тын, командалық жұмыстарда көш­бас­шы­лыққа ұмтылған, өзіндік тұжырымы қал­ып­тас­қан кәсіби құ­зыреттілік пен дағдыға ие, ұлттық құнды­лық­­тарды бойына сіңірген кәсіби педаго­гика­лық құрамды жасақтап шығару. Осы қасиеттерді бойына сіңірген мектеп оқытушыларынан тәрбиеленген шәкірт бәсекеге қабілетті.

Білім берудің іргетасы мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан Елбасының мектеп оқытушыларының мәртебесін көтерудегі бастамалары біз үшін қуантарлық жағдай. Бастауыш сынып мұғалімдері 2016 жыл­дан бастап жаңартылған форматтағы жұмысқа кіріс­іп, қазіргі уақытта жаңартылған бағдар­ла­ма бойынша бастауыш сы­нып мұғалімдері біліктілікті арттыру курс­тары­нан өтіп, шеберліктерін шыңдауда.

Біз жаһандану әлемінде өмір сүріп жа­тырмыз. Жыл сайын білімнің жаңа түрі өмір­ге келіп, ақпараттар жаңа ағынмен толы­ғуда. Қазақстандағы білім беру жүйесі, соның ішінде біліктілікті арттыру жүйесі уақыт кө­ші­нен қалмай, заман ағымымен жүруде. Заманауи жаңаруларды оң  қабылдап, білім маз­мұнының жаңаруын да осы сияқты қа­былдай білуіміз қажет.
Білім беру саясатындағы өзекті позицияны құрайтын мұғалім­дердің біліктілігін арттыру мәселесі мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр. Елбасының қолдауымен мұғалімдер сапалы курстармен қамтамасыз етіліп, мектеп ұстаздары жаңашылдықпен тәжірибе алмасуда.
Жаңа білім мазмұны жолында еңбек ету оңай емес. Бірақ жаңа жүйе біздің еңбек жолындағы жетістігімізге себепші. Мектеп қабырғасында күн сайынғы шығармашылық атмосферасын құру, мақсат қою және сол мақсатқа жетуде жан аямай тер төккен мұғалімдер қауымына құрметпен қарауымыз қажет. Еліміз озық өзгерістерден қалып қоймауы үшін Төртінші өнеркәсіптік революцияның қамтып отырған қадамдары өте маңызды деп санаймын. Біз мемлекет тарапынан берілетін бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, болашақ жастарымыздың тұлға болып қалыптасуына ықпал болу керекпіз.

Саламат Омарова,  №141 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Алматы қаласы

Рекомендовать
Последние новости