«Біләш дауы». Мұхтар Шаханов Олжас Сүлейменовтың айтқанына неге құлақ аспады?

Dalanews 03 авг. 2019 06:08 1518

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан асса да аға буын әлі күнге дейін Кеңес заманында бойға сіңген жаман әдеттерінен арыла аламай келеді. Батпандап кірген дерттің мысқылдап шығатыны ескерсек, аға буынның жаман әдеттен бірден айығып кетпейтіні белгілі.

Кеңес заманында бойға сіңген ол қандай әдет деп ойлап отырған боларсыз? Айтайық.

70 жылы халықты езгіде ұстаған кеңестік жүйе қазақты бойындағы бекзат болымысынан айырып, талай жанды жалтақ, жалақор, жарамсаққа айналдырғаны жасырын емес.

Сталиндік қуғын-сүрін кезінде сүт бетіндегі қаймақтарымыздың ұсталып, атылып кетуіне арамыздан шыққан жарамсақтар көп ықпал еткені жасырын емес.

Ұлт мүддесі үшін басын бәйгеге тіккендер қынадай қырылып, олардың орнын жармсақтар басты. Иә, бұл ащы да босла шындық.

80 жылдардың басында белгілі ақын Олжас Сүлейменов ұлт мүддесі жолында қызмет еткен азаматтардың сыртынан қаралаушыларға қаратып: «Біз – биік мінбелерде ұлт мүддесін көтеріп жүрген жандарды қорғамасақ та, олар жайында жайында жаман сөз айтпай үндемей қалайықшы, ең құрмағанда қолымыздан үндемеу келетін шығар...» деп айтқан еді. Иә, уақытында үндемей қалу да бекзаттық болымысқа жатады.

Қазір Қытайдағы қазақтардың мүддесін қорғап жүрген, құқық қорғаушы Серікжан Біләшқа қатысты даудың қызу бет қаратпай тұр. Біраз жұрт Біләшті қолдаса екінші тобы оны қаралап әлек. Бұл жерде қайсы бір топтың сойылын соғайық деп тұрған жайымыз жоқ.

Бізді қинайтыны осы бітпес дауға Мұхтар Шахановтың араласқаны жанымызға батады. Мұхаңның қоғамдық-саяси өмірде өз орыны, өзінің көтерген тақырыбы, керек десеңіз өз «шындығы» бар екенін білеміз.

Дәл осы жолы Шаханов қаламдас әріптесі Олжас Сүлеймновтың айтқан сөзіне құлақ асып, Біләш дауына араласпай үндемей қалуы керек еді. Ол үшін Шахановты ешкім жазғырмас еді. Сіз қалай ойлайсыз, ағайын?!

Нұрлан ЖҰМАХАН

Рекомендовать
Последние новости