"Бес баламның әкесі керек". "Майқайың" кенішіне құлаған құтқарушының әйелі үндеу жасады

Dalanews 22 янв. 2024 05:30 1233

"Майқайың" шахтасына құлаған автобус пен екі құтқарушы әлі де табылмай жатыр. Оқиға 4 қаңтарда сағат 01.25 шамасында болған еді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Үйінді астында қалған құтқарушының әйелі Президентке үндеу жолдап, іске араласуды сұрады.

"18 күннен бері қайғыдан қан жұтып отырмыз. Адам өмірі басты құндылық емес пе? Неге өзге мемлекеттерден көмек сұрамасқа? Неге техника алмасқа? Маған қазіргі таңда жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстары маңызды да, қажет емес. Оны кейін зерттеп үлгересіздер. Маған азаматым, бес баламның әкесі, отбасы қорғаны керек. Құрметті Президент, сізден осы апатқа байланысты жұмыстарды ерекше жеке бақылауыңызға алуды сұраймын", - дейді Нұрсұлу Шаймерден.


Нұрсұлу күйеуі аман қалатынына сенімді. Ерлі-зайыптының кәмелетке толмаған бес баласы бар, ең кенжесі екі жаста.

Айта кетейік, Павлодар облысында алтын кеніші шұңқырына құлап кеткен автобусты жер бетіне алып шыға алмай жатқанына екі аптадан асты.

Сурет: pavlodarnews.kz

Тағы оқыңыз:

https://dalanews.kz/del-qazir/97909-kolik-saudasy-2023-zhyldyng-rekordy-biyl-zha

Рекомендовать
Последние новости