Белгілі шенеунік 55 жасында көз жұмды

Сағыныш Сардарова 13 февр. 2024 09:56 26460

Мемлекеттік қызмет істері агенттігін басқарған Анар Жайылғанова 54 жасында көз жұмды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол 1969 жылы 10 шілдеде Семейде дүниеге келген. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшысы қызметіне дейін Мәжіліс депутаты – Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.

Жайылғанова - әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетінің түлегі. Ұзақ жыл бойы сот жүйесінде қызмет етті. Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында кеңесші болып бастады. Содан кейін судья болып жұмыс істеді.

1999 жылы Әділет министрлігінің Сот жүйесін талдау және жетілдіру департаменті бастығының орынбасары, кейін осы басқарманы басқарды. Ол Президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы қызметін де атқарған.

2000 жылы Анар Жайылғанова Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Төрт жылдан кейін ол Жоғарғы соттың судьясы болды.

2008-2018 жылдары - Конституциялық кеңестің мүшесі, 2018-2019 жылдары – Мәжіліс депутаты – Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі қызметтерін атқарды.

2019 жылғы маусымнан 2022 жылғы 11 қаңтарға дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болды.


Рекомендовать
Последние новости