Белгілі журналист өмірден озды

Dalanews 20 дек. 2017 06:18 897

Қазақ журналистикасы ұзақ жыл телеарналарда табысты қызмет етіп, толғамды, ойлы хабарларымен елге жастай танылған Рахат Мамырбектен айырылды.

Ол қысқа ғұмырында "Қазақстан", "31", "КТК" секілді бірнеше телеарнада еңбек етті. "Қазақстан" арнасындағы "Күлтөбе" хабарын жүргізуші әрі редакторы болып қызмет етті. Он жұртшылық осы хабары арқылы кеңінен таныды.

Ол соңғы жылдары "Азаттық" радиосында веб-редактор қызметін атқарды.

Рахат Мамырбек 1978 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында өмірге келген. Қазақ телевизиясында ұзақ жылдар қызмет етіп, редакторлық лауазымға дейін көтерілген білікті журналистің артында  артында бес баласы мен жары қалды.  "Қала мен Дала" газеті марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтады.

 

Рекомендовать
Последние новости