Базардағы жұртқа баспана алуды жолы түсіндірілді

Dalanews 17 мар. 2021 04:45 929

Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базарында «Jas Otan» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалы жанындағы «Кеңес орталығы» мен «Отбасы банк» АҚ-ның Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен мамандар көпшілікке баспанаға қол жеткізу бағытында кеңес берілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес беру кездесуінде «Отбасы банк» АҚ Түркістан облыстық филиалының кеңесшісі Ұлжан Бердашева мен әріптестері жұртшылыққа депозит ашу ережесін, баспаналы болудың шарттарын түсіндірді.

Базарда жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен тұрғындар көкейдегі сұрақтарын қойып, мағлұматтарға қанықты. Жалпы 50-ден астам тұрғынға кеңес берілсе, 10 адам «Отбасы банкінен» жарналық есепшоттарын ашты. Енді олар өз баспаналарына қаржы жинайды.

Ұйымдастырушылардың бірі, «Jas Otan» жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Жансерік Жұманның айтуынша, қаржылық сауатты арттырып, баспана алуды жоспарлаудың маңызы зор.


– Қазір қоғамдағы ең өзекті мәселенің бірі – тұрғын үй.   Елдегі еңбекке қабілетті азаматтардың 25 пайызының ғана өз күшімен баспаналы болуға шамасы жетеді деген дерек бар. Бұл ретте «Отбасы банкінің» тиімді бағдарламаларын жұртшылық санасына сіңірудің маңызы зор. Бүгін банктің өкілдерімен бірге тұрғындарға бірлесе кеңес беруді жөн көрдік, – дейді ол.

«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі қамтылған. Алдағы уақытта да тұрғын үй саясатындағы мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары жалғасады.

Рекомендовать
Последние новости