Бәйдібекте кәсіпкер 12 оқушыға планшет алып берді

Dalanews 02 сент. 2020 15:13 1010

Түркістан облысында «Nur Otan» партиясының қайырымдылық іс-шаралары жалғасын тауып, Бәйдібек ауданындағы партия «Мектепке жол» акциясы аясында аудандағы аз қамтамасыз етілген және әлеуметтік жағдайы төмен 12 отбасының балаларына планшет тапсырды. Оқушыларға «Бәйдібек несие» ЖШС-нің басқарма төрағасы, ауданның құрметті азаматы Жазылбек Әбілдабекұлы демеушілік жасады.

Биыл пандемияға байланысты елімізде оқушылар қашықтықтан оқуға мәжбүр болуда. Сондықтан демеуші азамат оқушыларға қашықтан білім алуға аса қажет планшет ұсынуды жөн көріпті.

«Жетім көрсең жебей жүр» деген сөзді жанына серік еткен Жазылбек Әбілдабекұлы мектеп оқушыларына жыл сайын шәкіртақы тағайындауды да естен шығарған емес. «Қалыш ана» атындағы стипендияға аудандағы мектептердегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары және тұлдыр жетім балалар мен оқу озаты атанған оқушылар ие болып отырады.

«Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков партия тарапынан игі іс-шаралар жалғасын табатынын жеткізді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости