Баян Мақсатқызы: «Елдің сөзі Тұрсынға оңай тимеуде»

Dalanews 08 февр. 2017 00:47 841

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы жаңа өмірінің  қиындықтан басталатынын, оған әбден дайындалып отырғанын ашық айтты. Ол отбасындағы жанжал яғни күйеуінің пышақтауына өзінің өтірік айта алмайтындығы себеп болды деп отыр.

– Тұрсын наурыз айында маған көңілін білдірді. Мамырда мен өзімді ерекше бақытты сезіндім. Яғни, ғашық бола бастадым. Маусымда барша жұрт естіген қайғылы жағдай болды, – деп қысқа қайырды продюсер 31 арна жаңалықтарының тікелей эфирінде берген сұхбатында.

– Біз екеуміз екі отбасынан бөлініп қосылмақшымыз. Қазір ол отбасындағылар бір-бірін түсінісіп отыр деп айта алмаймын. Барлығына уақыт керек. Дәл қазір бақыттымыз және жақын арада бақытты боламыз деп айта алмаймын. Бастысы махаббат бар. Бақыт, түсіністік аздаған уақыттан кейін болады деп сенемін, – деді продюсер сұхбатында.

Сондай-ақ, актриса Баян Мақсатқызы қажет болса бұрыңғы күйеуінің тегін тастап, жаңа сүйіктісінің фамилиясын алуға да бар екенін жасырмады.

– Алагөзов тегі маған ұнайды, керек болып жатса осы фамилияны аламын. Бұрындары бір отбасының мүшелері бір текте болғаны дұрыс, – деп қысқа қайырды.

Актриса мен оның жаңа сүйіктісі қазірге неке жүзіктерін тағып, өз ара келісімге келген. Тек, тойларын барша жақындарын шақырып көктемде атап өтпекші.

– Мен және менің қыздарым бала күнімізден жұрттың талқысына түсуге  үйреніп те кеттік. Қазір елдің сөзі Тұрсынға оңай тиіп жатқан жоқ. Уақыт келе ол үйреніп кетеді деген сенімдемін, – деді продюсер.

Баян Мақсатқызы өзі жазып жатқан кітаптың мазмұны жайлы қысқаша айтып өттіп.

– Мен онда ешкімге пысық болуды, байлыққа жетудің жолын үйретпеймін. Онда ешкімге айтпаған сырларым жазылады. Мен де жай адам екенімді әр оқырманыма түсіндіргім келеді. Мен де шатасатын қарапайым  адам екенімді ұқтырғым келеді. Кітап әйелдер қауымына арналған. Меннен керемет адам жасаудың, ұқсауға тырысудың еш қажеті жоқ, – деді продюсер.

Сөз соңында Баян Мақсатқызы  денсаулығы ауырлап, қал үстінде жатқан кезде қолдап,  дұға тілегендерге басын иіп алғысын айтты. Өзін сынайтындардан кешірім сұрады.

«Мен әлі күнге дәрігер мен психологтың кеңесіне барып жүрмін. Жүзімдегі жарақаттар бойынша тағы бірнеше уақыт ем қабылдауым керек», – деді продюсер.

Сондай-ақ, жаңа отбасында сәби дүниеге келіп жатса оған да қарсы емес екенін жеткізді. Ал жұрт айтып жүрген неке келісім шартын жаңа сүйіктісімен жасаспағанын, бизнесмен ғашығы қажет деп тапса оған да келісетінін айтты.

 

Дереккөзі: stan.kz

Рекомендовать
Последние новости