Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында Беспаев Есентаева сияқтылардың кітабын оқып құр босқа уақытын шығындағысы келмейтінін айтқан.
Мейрамбектің айтуынша
Баян Есентаева, Динара Сәтжан сияқты шоу-бизнестегі әйелдер тұтастай алғанда қазақ қыздарына үлкен ықпал жасап отыр. Әнші мұндай әйелдердің көп әрекетін құптамайтынын, әрі осыларға еліктеген қазақ қыздары үшін қатты алаңдайтынын тілге тиек етіпті.
“Шынымды айтайын, өмірде әйел адамдардың кітабын оқи алмайтын шығармын. Өйткені, біреудің өміріне араласқым келмейді. “Шын мәнінде мынадай болған екен ғой” деген сияқты өсек сөз тасығым келмейді. Рас, қыз балалардың ішінде ақындардың кітабын оқитын едім бұрынырақта. Айталық, поэзиядан Фариза апайымызды оқитынмын. Алайда бірге өмір сүріп келе жатқан замандастырымыздың ішкі дүниесін білгім келмейді. Бүгінгі күні қазір ел аузынан түспейтін бір-екі қызға бүкіл қаракөздеріміз ұрынып, солар секілді болғылары келіп жүр.
Мәселен, Динара Сәтжан, Баян Есентаева сияқтылар қыздарымызды тәрбиелеп жатыр. Бұл нәрсенің соңы жақсылыққа әкеліп соқтыра ма, жамандыққа әкеліп соқтыра ма білмеймін. Бірақ, қаракөздеріміздің соларға еліктеп жатқандары рас.
Жалаңаш денесін көрсетуді ұят емес деген келтіру дұрыс емес. Кей жерде әдепті аттап өтіп жатыр. Мұны сәнге айналдырғандары мені кейде қынжылтады. Мен ондай адамдардың кітабын оқымаймын, уақытымды бос кетіргім келмейді
– деген екен Мейрамбек Беспаев.
https://dalanews.kz/23329