Бауыржан Әбдішев босатылды

Dalanews 18 мая 2016 22:41 1183

Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды.

Қазыбек би аудандық сотының судьясы Жұмағұл Шүженов сотталушының өтінішін қанағаттандырып, өз шешімін жария етті. "Әбдішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылсын, 1 жыл 4 ай 4 күнге пробациялық бақылау орнатылсын", - деді судья. 

Еске салайыйқ, Бауыржан Әбдішев 2015 жылдың 11 желтоқсанында ҚР Қылмыстық кодексінің 365-бабының 3-бөлігі ("Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау"), ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі "Қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану" және ҚР Қылмыстық кодексінің 364-бабының 3-бөлігі "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу" баптары бойынша экономикалық қылмыс жасағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Алайда облыстық соттың апелляциялық алқасы 14 наурызды жазаны жеңілдетті, оның мерзімі үш жылға қысқарған еді. Сотталған Әбдішев түзему мекемесінде 1 жыл 7 ай 25 күн болды.



Дереккөзtengrinews.kz


Рекомендовать
Последние новости