"Бауыры да істі болған экс-шенеунік": Атырау облысында судья ұсталды

Dalanews 17 янв. 2024 02:27 1346

Атырау облысында аудандық соттардың бірінің судьясы Ерболат Аманғалиев ұсталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі Kozachkov offside Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Ол - Махамбет аудандық сотының судьясы.
Алдыңғы күні оны Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметкерлері ҰҚК қызметкерлерімен бірге ұстады.

"Ол кәсіпкерден 3 миллион теңге алды деген күдікке ілініп отыр, осылайша, тендер ұтып алуға көмекке уәде берген. Іс менің деректерім бойынша, "Алаяқтық"бабы бойынша тіркелді. Тағы бір нюанс бар. 2019 жылы Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиев пара алғаны үшін сотталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Иә, олар Ерболат екеуі - бауыр", - деп жазылған арна мәліметінде.

Рекомендовать
Последние новости