БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – БАСТЫ МАҚСАТ

Dalanews 21 дек. 2014 07:43 1283

Kruglyiy stol_500x331 Автоматтандыру бойынша отандық әзірлемелер бәсекеге қабілеттілігін көрсете алатын деңгейге жетті, алайда олар дайын импорттық шешімдердің қыспағының салдарынан төмен сұранысқа ие болып отыр. Астанада Қазмедиа орталығында өткен «Қазақстан: XXI ғасырдағы автоматтандыру» алғашқы дөңгелек үстелінің қатысушылары осындай қорытындыға келді.

Тәжірибемен алмасу және пікір-талас нәтижесінде ұлттық компаниялар, халықаралық әзірлемешілер, білім беру мекемелері мен тәуелсіз сарапшылар Қазақстандағы қазіргі заманғы автоматтандыру ісін тиімді дамытуға арналған бес бағытты анықтады, олар: жобаларға қатысты кешенді тәсілді қолдану, қолданылатын шешімдердің мақсатқа сәйкестігі, кадрларды даярлауды жүйелендіру, отандық компаниялардың өнімдері мен қызметтеріне сену, ғылым, білім, технологиялар мен өндірісті автоматтандыру аясында жұмылдыру.

[caption id="attachment_8513" align="alignright" width="341"]Kazahstanskaya Assotsiatsiya IT-kompaniy Nurlan Isin_500x331 Нұрлан Исин[/caption]

Қазіргі заманғы автоматтандыруды жиі ретте ақпараттық технологиялар ретінде ғана қабылдайды. Қазақстанның IT-компаниялар қауымдастығының президенті Нұрлан Исин «автоматтандыру – бұдан да кеңірек ұғым және ол ақпараттандыру үрдісі көмегімен жасалынады» деген пікірін айтты. Іс-шараның басқа қатысушылары да осы пікірге қосылатынын білдірді.

Отандық компаниялардың өнімдеріне сенім көрсету мәселесі басқа сұрақтарға бастама берген ең талқыланған мәселеге айналды. Қатысушылардың барлығы дерлік отандық автоматтандыру әзірлемелері үлкен міндеттерді шеше алады және шешуі керек деп есептейді. ARTA Software,  NEWinttech, Asia Soft, Dynamics Technologies, ARTA Learning Solutions секілді отандық әзірлемешілердің тәжірибесі қазақстандық компаниялардың автоматтандыру бойынша жемісті тәжірибе жинақтағанын айқын байқатты.

[caption id="attachment_8514" align="alignleft" width="329"]KTJ Direktor Direktsii informatsionnyih tehnologiy Sergey Nikitenko_500x331 Сергей Никитенко[/caption]

«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы отандық ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырушы жұмыстар, IT-шешімдер көмегімен құрылған және ендіріліп жатқан автоматтандырудың бірегей ауқымды бірнеше жобаларын ендіру тәжірибесімен  таныстырды. ҚТЖ Ақпараттық технологиялар дирекциясының директоры Сергей Никитенко: «Дамудың көрсеткіші ретінде автоматтандыру нарықтардың жаһандану жағдайында компанияның бәсекеге қабілеттілігін, оның өнімділігін, басқару мәдениетін, жалпы бизнестің және компаниядағы жекелеген қызметкерлердің қаншалық жетілгендігін, сондай-ақ, технологиялық үрдістердің қауіпсіздік деңгейін көрсетеді».

ARTA Software компаниясы  ұйымды басқарудың толық циклін қамтамасыз етуге арналған өзінің SYNERGY бағдарламалық өнімін ендіру тәжірибесімен бөлісіп, NEWinttech компаниясы бизнес-үрдістерді автоматтандыруға арналған Documentolog отандық платформасын таныстырды. Жалпы алғанда, бүгінгі күні Қазақстанда он мыңдаған компаниялар, оның ішінде ҚР Президенті Істерін басқару әкімшілігі, «Бәйтерек» Ұлттық холдингі, ҚР Салық комитетінің бөлімшелері, еліміздің супермаркеттері және барлық оқу мекемелері дерлік отандық автоматтандыру өнімдерінде жұмыс жасайды. Отандық әзірлемелер қазір шетелде ұсынылған. Есепке алу жүйелерін әзірлеуге арналған отандық OR3 платформасы, мемлекеттік органдарға арналған Е-қызмет, қозғалмалы нысандарға спутниктен мониторинг жасауға арналған NOMAD GPS, BanksGate және  ServiseGate өнімдері және басқа да өнімдер жоғары беделге ие.

Осы ретте Қазақстанды автоматтандыруда импорттық шешімдерге басымдық беріліп келеді. Қазақстанның IT-компаниялар қауымдастығының президенті Нұрлан Исиннің пікірінше, банк, мұнай-газ, металлургия, көлік және энергетика секілді еліміздің көптеген салалары әлі күнге шейін тек аса қымбат шетелдік шешімдерді ендіріп отыр.
«Вендерлер мен шетелдік компаниялардың шешімдерінің ықпалымен жүре беруге болмайды, - дейді Исин мырза. -  Қазақстандық әзірлемешілерге басымдық беріліп, олардың өнімдеріне сұранысты қамтамасыз ету туралы ойлану қажет, әйтпесе еліміз шетелдік компаниялардың тұтқынында қалып, ал барлық отандық мамандар олардың жұмысшыларына айналатын болады».

[caption id="attachment_8516" align="alignleft" width="465"]Natsionalynyie Informatsionnyie tehnologii Igenberlin Azat Direktor proektnogo ofisa (1)_500x331 Отандық мамандар мен әзірлемешілердің тиісті деңгейде өспеуі және автоматтандыру бағытының кадрлармен қамтамасыз етілмеу мәселесі де аса өзекті болып тұр.[/caption]

Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы отандық автоматтандырудағы әзірлемелердің импортын алмастыру бағдарламасы компания немесе жобаның өмірлік циклін есепке ала отырып, мақсатқа сай болуы тиіс. Шағын немесе орта бизнес компаниясы туралы айтатын болсақ, 1С секілді қарапайым шешімдерді қолданған жоқ, ал экспортталған басшылығы бар трансұлттық деңгейдегі компаниялар болса, оларға бәрінен бұрын SAP секілді бағдарламалар қажет болуы мүмкін. Жалпы алғанда, жиі ретте аса қымбат шешімдер таңдап алына салады, бұл барлық отандық әзірлемешілердің көзқарасынша, Қазақстанда шектен тыс «SAP» бағдарламасын қолдануға әкеліп соқты. Қатысушылардың пікірінше, бұл бағдарламалық жабдықтаманы жасап шығаратын отандық әзірлеушілердің кәсіби дамуын тежеп, ақпараттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді.

Отандық мамандар мен әзірлемешілердің тиісті деңгейде өспеуі және автоматтандыру бағытының кадрлармен қамтамасыз етілмеу мәселесі де аса өзекті болып тұр. Darmen Consulting компаниясының мәліметтері бойынша дәл автоматтандыру бағытында сапалы мамандарға деген үлкен сұраныс бар. Бұл сұранысты тек шетелдік мамандарды тарту арқылы ғана қамамтасыз етуге болады. Darmen Consulting компаниясының директоры Әсел Мұратова: «Қазіргі жағдайда Қазақстанның университеттері мен жоғарғы оқу орындары нақты компаниялардың тапсырысы бойынша студенттерді оқытуы тиіс. Кадрларды «компанияға арнап» дайындайтын болсақ, ол кадрлар осында, Қазақстанда қалатын болады».  Көптеген компаниялар, мысалы ҚТЖ, еліміздің жоғарғы оқу орындарында оқыту секілді кадрлық бағдарламаларды ендіруге кірісті. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалар офисінің директоры Азат Игенберлин «әрине, жақсы тәжірибе, өкінішке қарай, жеке тәртіп бойынша өтуде және оның барынша тиімді болуы үшін орталықтандырылған бірлескен жүйелі тәсілдеме қажет» дейді.

[caption id="attachment_8515" align="alignright" width="366"]Transtelekom Vitse-prezident Aleksandr Levitanus_500x331 Александр Левитанус[/caption]

«Транстелеком» АҚ  вице-президенті Александр Левитанустың пікірінше: «Автоматтандыру бағытының алдында автоматтандыруды енгізу қажет екенін түсіндіру және автоматтандырумен байланысты кәсіптерді танымал ету міндеті тұр, 5-10 жылдан кейін дайын кадрларды алу үшін және автоматтандыру өнімдерін тұтынуға дайын қоғамды қалыптастыру үшін мұны мектеп оқушыларынан бастаған  дұрысырақ шығар».

Осы күрделі міндеттерді тек күш жұмылдыра шешуге болады және бұл туралы дөңгелек үстелдің әрбір қатысушысы айтып өтті. Қазақстанның Инновациялық кәсіпорындар қауымдастығының директор орынбасары Жұмадильдин Бақтыбай атап өткендей, «қазіргі таңда автоматтандыру бағытында тек ақпараттандыру үрдісіне басты көңіл бөлініп отыр, Қазақстанда қазіргі заманғы автоматтандыруды тиімді дамыту үшін ғылым, білім, ақпараттық және өндірістік технологияларды жұмылдыру қажет».

Еңлік АҚЖІГІТ


Рекомендовать
Последние новости