Бас прокуратура өкілі экс-министр Ильиннің елден кетпеуіне қатысты сұраққа жауап берді

Dalanews 14 июн. 2023 06:52 1042

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысына келген бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиевтен тілшілер Төтенше жағдай экс-министрі Юрий Ильинге Қазақстаннан шықпау туралы шектеу қойылғаны қаншалықты рас екенін сұрады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Ондай шектеу қойылмады. Қазір бұл қылмыстық іс бойынша ешкімнің іс-әрекеті сараланған жоқ. Тергеудің басталғанына шамалы ғана күн өтті. Сондықтан мұнда сіз айтқан лауазым иесі де және басқа да лауазым иелеріне әлі қылмыстық іс бойынша статус жоқ. Олардың іс әрекеті сараланбады, – деді Жандос Өмірәлиев.

Тілшілер бас прокуратура саралағанша, олар Қазақстаннан кетіп қалмай ма? деп сұрақты нақтылады.

– Тиісті тергеу тобы барлық шараларды қолданып жатыр, –  деді ол.


Айта кетейік, Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін айтқан болатын.

Рекомендовать
Последние новости