Бас прокуратура Әлия Назарбаеваның "ӨКМ операторы" ісіне қатысы туралы айтты

Dalanews 02 окт. 2023 09:34 1118

Әлия Назарбаева "ӨКМ операторына" қатысты сот отырысына қатысқан жоқ. Бұл туралы Бас прокуратура мәліметінде айтылған. 

Бас прокуратураның Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабындағы мәлімет бойынша, Назарбаевадан сотта жауап алынған жоқ.

"Астананың Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, Пірімқұлов, Құмарғалиев, Коротенко және Темірбек "ӨКМ операторы" ЖШС-де ақша жымқырғаны және қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

А. Назарбаева бұл қылмыстық іске процеске қатысушы ретінде тартылған жоқ және жауап алынған жоқ", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Рекомендовать
Последние новости