Бақытсыздар отаны

Dalanews 02 окт. 2014 03:47 787

Орыстан досың болса, айбалтаң жаныңда болсын
Орыстан досың болса, айбалтаң жаныңда болсын

Қазіргі Ресей жарлауыттың үстіндегі лашық секілді. Бірақ олар өздерін сарайда отырмыз деп елестеткісі келеді. Экономикалық әрі рухани алып толқындар жарлауытты үңги түсуде. Оны сезер Ресей жоқ. Көп өтпей айналасынан дауыл көтерілуі ғажап емес. Сонда әлгі лашықтарының дал-дұлы шығары сөзсіз. Мұндай қауқарсыз халдерін жасыру үшін айналасына айбар шегу орыстардың ежелгі әдеті.


Не Батыс, Не Шығыс, не Еуропа, не Азия екені белгісіз дүбәра елдің тарихына үңілсеңіз, билік иелерінің өз халқының азапталуынан ләззат алатын тоғышарлығын байқайсыз. Сонау патшалық Ресейден күні бүгінге дейін билік басына ұрда жық, тоғышар топ иелік етуде. Орыс халқы Достоевскийдің әлгі бір жындысүрей, өз жандарын өздері қинаумен өмірлерін өткізетін кейіпкерлерінен әлі де ұзай қойған жоқ. Олар әлденеге ие болғысы келіп жанталасады, қызығы, оның не нәрсе екенін өздері білмейді. Өйткені, олардың табан тірер төл мәдениеті болған емес. Олардың мәдениеті – тоғышарлық пен жеккөрушілік, өзгемен жауласу. Сондықтан, мәдениетті сұхбаттасуға дәрменсіз. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілген немістер мен жапондарды тығырықтан құтқарған мәдениет екенін, ұлттың ішкі рухани болмысының сұхбаттасуға бейімдігінің арқасы екенін барша әлем мойындаса керек. Орыстардың ондай биік парасаты болмағандықтан, күн санап құрдымға кету үстінде. Соңғы 20 жыл ішінде Кеңс одағы кезіндегі бар айбарынан айырылған Ресей барша әлемге жауығумен күн кешуде. Олар өздерінің іріп-шіруін, өзектерін кемірген жегі құртын өздерінен көруді ұмытқан. Бұрын да солай еді, қазір де солай. Бір таңғаларлығы, Ресейдің әлсіздігін өздері артықшылығына балайды. Қолдарындағы әскери қаруларын қоқаңдатып, доқ көрсету арқылы жан-жағын үрейге бөлеуді жеңіс деп тілейтіндері күлкілі. Анығы, Ресейдің кез келген саласы әлдеқашан тоқыраған. Шын мәнінде, тек ТМД елдері ғана сескенетіні болмаса, Еуропаның оларға түкіргені бар. Балтық жағалауындағы елдер әлдеқашан ресейлік фобиядан құтылған. Әзірбайжан, Грузия, Өзбекстан секілді елдер де «сасық өлкеден» іргесін аулақ салып үлгерді. Алайда, Путинды Күн көсем деп білетін орыстар ол шындықты мойындағысы жоқ. Өздерін ақылды, зейіндіміз деп есептейтін элиталарының көп бөлігі Путинді «Батыс құбыжықтарынан құтқарушы пайғамбар» деп ойлайтынын білу қиын емес, әйтпегенде, олар соңғы уақиғалар кезінде тегеуірінді қарсылық көрсетер еді. «Ресейдің жері қаншалық үлкен болса, соры соншалық қалың» деген сөзді кім айтқанын білмеймін, кім айтса да, дәл тауып айтқан. Олар дәл қазір сорларын одан арман қалыңдатуға күш салып отыр.




[caption id="attachment_8082" align="alignnone" width="300"]Ресейдің күні батып бара ма? Ресейдің күні батып бара ма?[/caption]

Біздің кейбір қазақтар Ресейсіз күн көре алмаймыз деп ойлайды. Құдайы көршіміз екені шындық, бірақ олармен бірге отқа түсудің қажеті жоқ. Себебі, Ресей күні батып бара жатқан ел. Біз үлгі тұтар ешқандай мәдениеті жоқ ұлттан біз не үйренеміз? Әуелі, жұқтырған жаман дерттерімізден қалай сауығуды ойлағанымыз абзал. Мысалы, Сіз білімнің қайнар көзі деп ұғатын орыс тілінің ТМД елдерінен басқа аймаққа барсаңыз көк тиындық құны жоқ екенін білесіз. Украинадан екі аттап Польшаға, Латвияға, Хорватияға қадам басыңыз, ешкім пысқырып қарамайды. Әзірбайжаннан ары асып, Түркияға жетіңіз, орыс тілін түк қажетсінбейтіндерін жүзінен байқайсыз. Каспийдің арғы – парсылар мен Араб дүниесі орыс тіліне мұрын шүйіре қарайды. Қытай, Жапония, Үндістан... ешбірі орыс тілін қажетсініп жатқан жоқ. Еуропа елдері орыс көрсе, сайқымазақ кейіпкер көргендей, аңтарыла әрі жаны ашып қарайды. Орыстардың өздері жаратқан қандай жаңалығы бар екенін санап көріңізші, ойыңызға жөні дұрыс ештеңе түспейді. Керісінше, олар үнемі өзгелерден ұрлаумен келеді. Сенбесеңіз, сайттарындағы ақпараттарды ақтарыңыз, халықаралық маңызы бар, ғылым, өнер, дүниетану, әдебиет саласындағы барлық жаңалықтарды Батыс елдерінен сілтемесіз көшіріп отыр. Ал біз оларды орыстар жазған екен деп, аузымызды ашамыз да отырамыз. Және олар өздерінің кемдігін білдірмеуге тырысып, өтірік намысқа басып, орыстарды өзгелерден артық көрсете, үстемелеп аударады. Мұндай плагиаттық тек орыс дүниесіне жарасымды...


Мен орыстардың бір мінезіне тәнті екенімді жасырғым келмейді. Олардың кез келгені өздерінің аз білетіндіктерін білдірмеудің шебері. Қарапайым, екі ауыз сөзбен түсіндіруге болатын дүниені олар үнемі күрделендіріп, қиындатып жеткізудің мастері. Кез келген алқаш орыспен жақындаса кетсеңіз, өзінің шалапұшлық білгенін үлкейтіп айтып, дабырайта данышпанситынын байқайсыз.


Ресей – бақытсыздар отаны, жалғыздардың мекені. Оны бақытсыз еткен мәдениетсіздіктері және тоғышар шенеуніктері. Бүгінгі Ресей болашақта қалай жалғыз қалса (қазірдің өзінде жалғыз), қарапайым халқы да сондай жалғыздық құрсауына қамалған. Олар жалғыз емес екендіктерін дәлелдеу үшін бәріне жауығып жүр. Көзі қарауытқанның жанына үйір болмау керек, залалы тиеді...


Тоқтарәлі ТАҢЖАРЫҚ. 


Рекомендовать
Последние новости