"Бақытжан Байжановты кешіруге дайынбыз" - Қайрат Нүкенов

Көркем Алдабергенова 09 апр. 2024 15:55 6814

Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов Бақытжан Байжановты кешіруге дайын екендерін айтты, - деп хабарлайды Dalanews.kz Ұлысмедиаға сілтеп.

Бұл туралы Қайрат Нүкенов сот кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген кезде айтқан. 

"Ол бүгінгі таңда тек ағасының кесірінен тергеліп жатыр. Ол бес ай бойы тергеліп жатқаны үшін ағасына "көп рахмет" айтуы керек. Оның балалары барын білеміз. Әйелі, әке-шешесі бар. Әке-шешесімен кездестік. Өте жақсы отбасы. Маған солай көрінді. Байжанов Бишімбаев сияқты емес – ол бәрін соның ықпалымен істеген. Ол сотта шын жауап берсе, біз де адамбыз ғой – кешіруге дайынбыз", – деді Қайрат Нүкенов.

Бұған дейін сот отырысында Бақытжан Байжановтың адвокаты сотқа өтініш жасаған болатын. Оның сөзінше, Байжанов Бишімбаевтан бөлек отырғысы келетінін айтты.

"Бишімбаевты Байжановтан алыс отырғызу қажет. Байжанов өзіне қысым көрсетіліп жатыр деп санайды. Олардың арасында кикілжің болып жатыр. Тым құрығанда ертеңгі отырыста Қуандықтан аулақ отырса болар еді", - деді Байжановтың адвокаты.

Кейін мұны Бишімбаевтың інісі Байжановтың өзі де растады.

"Ол маған жауап беру кезінде "былай айт, былай айт" деп қысым көрсетіп жатыр", - деді Байжанов.

Бақытжан Байжановқа Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айтып тағылған:

  • 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);
  • 434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Рекомендовать
Последние новости