"Бапкер көз жұмып, балалар ауруханаға түсті". Ақмола облысында автобус жол апатына ұшырады

Кәмшат Тілеухан 19 апр. 2025 14:23 326

Бір топ оқушыны Павлодардан Астанаға футбол жарысына апара жатқан автобус жолда апатқа ұшырады. Жаттықтырушы оқиға орнында көз жұмды. Ал балалардың түгел дерлігі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"18 сәуірде Астана – Ерейментау – Шідерті тас жолында "Мерседес" маркалы шағын автобус жол апатына ұшырады. Көлік жүргізушісі алдындағы жүк көлігін басып кезінде аударылғаны анықталды. Микроавтобус салонында 14 пен 16 жас аралығындағы 16 бала және бір ересек адам, яғни жаттықтырушы болған. Апат салдарынан бапкер оқиға орнында жан тапсырды. Балалар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді, олар дәрігерлердің бақылауында", делінген Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны да нақтыланады.

Оқушыларды жарысқа жіберген жеке спорт мектебінің басшылығы полиция қызметкерлерін бұдан хабардар етпеген, сондықтан патрульдік нарядтың сүйемелдеуі болмаған. Бұл факті бойынша да тексеру жүргізілетіні айтылады.


Рекомендовать
Последние новости