Әзербайжандық әскери қызметшілер Қазақстанда орыс тілінде емес, қазақ тілінде білім алғысы келеді

Сағыныш Сардарова 03 июн. 2025 13:45

Әзербайжандық әскери қызметшілер Түркі мемлекеттері ұйымы аясында қазақ тілінде білім алғысы келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы Асқар Мұстабеков мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Әзербайжанда олар әзербайжан, түрік немесе ағылшын тілдерінде оқиды. Осыған байланысты олар біздің университетте қазақ тілінде оқу курстарынан өтуді қалады", -деді Асқар Мұстабеков.

Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап университетте қазақ тілі курстары ашылады.

"Алдымен олар қазақ тілін оқиды. Курстар 9 айға созылады", - деді ол.

Мұстабеков оқу бағдарламалары университеттегі орыс тілі курстары үлгісінде құрылатынын айтты.

"Қытай, Франция және Үндістан офицерлері университетте орыс тілін үйреніп, содан кейін негізгі білім алады", — деді ол.

Айта кетейік, қазір Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университетінде ҰҚШҰ елдерінің әскери қызметшілері білім алып жатыр. Онда әскери пәндер орыс тілінде оқытылады.

 


Рекомендовать
Последние новости