Айқын Боратқа есе қайтарудың тиімді жолын айтты

Dalanews 28 окт. 2020 04:32 1023

Комик Саша Коэннің «Борат» фильмі көрсетіле бастаған күннен бері өзін қазақ сезінетін әрбір азаматтың ашуын туғызғаны белгілі. Боратты тігзіндейтін адам болмай тұр. Мемлекеттің де қолы байлаулы.

Бүгінде барша қазақ Боратты қалай жазалудың жолдары бар екенін әлеуметтік желіге жарыса жазуда. Дикий Арман бастаған бірқатар азаматтар Боратты қолға түсіріп, сазайын беруді де ойластыруда. Тіпті, Алматы қаласы жастары қарсылық танытып, АҚШ билігіне хат жазғанын да көрдік. Осы ретте белгілі әнші Айқын Төлепберген АҚШ демокртиялы ел болғандықтан комикке түкте істей алмайтынын айтты. Сонымен қатар ол Америкада мықты адвокаттарды жалдап, сол фильмді түсріген кино компанияны сотқа беруді ұсынды.

– Борат бар қазақтың ашуын келтірді. Оған мемлекет тарапынан қарсылық нота жолдап, петиция ұйымдастырудың түк керегі жоқ. Өйткені Америка демократиялық ел. Сондықтан біз тек жеке компанияны сотқа беруіміз керек. Америкалық адвокат жалдап, фильмді түсіруші топты сотқа берейік. Бұған осылай жауап беруге болады. Сонда жеңуіміз мүмкін. Егер жеңе алмасақ, онда Қазақстан туралы біршама ел таниды. Шындығында қандай ел деп зерттей бастайды. Журналистерін жібереді. Өз көздері жетеді, – деді Айқын ақылға қонымды әңгіме айтты.


Жалпы Айқын дұрыс айтады. Боратпен Америкаға барып соттасу керек. Осы билік бұғатталған ақшаны қайтаруда Американың мықты адвокаттарын жалдап, соттасып жатады ғой. Елімізді, туымызды қорлаған Бораттың әуселесін осылай басуға болады.

Рекомендовать
Последние новости