Әйгілі Black Eyed Peas тобы «Азия дауысы» фестивальін әлемге танымал етті

Dalanews 31 июл. 2023 04:56 911

Алматыдағы Медеу мұз айдынында Black Eyed Peas тобының мега-жұлдыздары "Азия дауысы – 2023" фестивальін жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосты.

Фестиваль тарихында алғаш рет шақырылған әлем жұлдыздарының толыққанды жеке концерті өтті.

Осы айтулы мерекені zakazbiletov.kz жобасының директоры Сәбит Сүлейменовтың арқасында мүмкін болғанын айта кетуіміз керек.

Неліктен Black Eyed Peas? Олар Қазақстанға қалайша келді?

Сәбит Сүлейменовтың айтуынша, Black Eyed Peas тобы қазір Еуропадағы гастрольде жүр. Егер олар Америкада болғанда алып келу қиынға соғар еді. Азия дауысының уақытында олар бос болды. Алматыға Венгриядан ұшып келді, енді Испанияға ұшып кетеді.

Қазіргі уақытта Black Eyed Peas тобы "Where is the Love?" хитінің 20 жылдығы және осы аттас тоғызыншы альбомның шығуына орай Elevation әлемдік турнесін өткізуде. Бірге атап өту үшін тірі аңыз will.i.am топқа қайта қосылды. Ал J. Rey Soul Фергиді сәтті алмастырды.

Кешегі концертте кішігірім оқиға болды – Дағыстаннан келген топтың жанкүйері сахнаға плакат ұстатып кіріп, музыканттар күзетшіге оны өткізуге рұқсат берді. Тіпті онымен бірге әннің бір бөлігін орындады.

Оның қуанышында шек болмады! Стадион бақытты адам мен will.i.am әрекетін қатты қолдады. Бұл қазірдің өзінде жанданған «Азия дауысы» туризмнің дамуына мықты әсер беруде.

Себебі Қазақстанның әр қалаларынан және Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты бірнеше елдерден жанкүйерлер Алматыға тек Black Eyed Peas үшін келді. Алматы бұрын-соңды мұндай керемет шоуды көрген емес: Black Eyed Peas 2000-шы жылдардағы хиттерін орындаған кезде көрермендер түгел секіріп билеп кетті.

Бұл салтанатты кеш өте жақсы аяқталды. «Харекет» қоғамдық қоры «Азия дауысы» сахнасында қазақстандықтардың ақшасына сатып алынған пәтердің кілтін мұқтаж отбасына табыс етті! «Харекет» қоры 2017 жылы «1000 теңгеге баспана» жобасы аясында құрылған еді. Мұқтаж жандарға көмектесу үшін әркім бар болғаны мың теңге бере алады. Осылайша көмекке қажетті сома жиналады. Құрылғалы бері қор отбасыларға 650-ден астам үй сатып алса, кеше Айгүл Сарыбаеваның отбасы кілтін алды. Шаңырақтары бақытқа толы болсын! «Азия дауысы» әнмен ғана емес, игі істермен де біріктіреді!

Бүгін, фестивальдің соңғы күнінде біз Аңыздарды еске аламыз! Баршаңызды Медеуде күтеміз!

Фестиваль демеушілік пен ақпараттық қолдаудың арқасында мүмкін болғанын еске саламыз! «Азия дауысы - 2023» фестивалінің бас серіктесі және тең ұйымдастырушысы – Halyk Bank. Оның сыйлықтары күн сайын Медеудегі іс-шаралар кезінде ойнатылады және оған барлығы қатыса алады!

30 шілдеде өтетін концертке билет сатып алғандар фестивальдің тағы бір демеушісі - Allur Auto ұсынған Chevrolet Onix автокөлігін ұтып алу мүмкіндігіне ие болды.

Алматы қаласының әкімдігі көрермендердің Медеуге оңай жетіп, қалаға жылдам оралуын қамтамасыз етті. Фестиваль кезінде қосымша автобус бағыты іске қосылды. Сәтбаев пен Байтұрсынов қиылысынан автобустар сағат 14:00-ден 24:00-ге дейін 10-15 минут аралықпен жүретін болады. Бір бағытқа жүру құны 150 теңге. Кеше концерттен қайтқан халықты автобустар тегін тасыды.

Ресми телеарна: Silk Way

Ресми газеттер: «Almaty aqshamy» мен «Вечерний Алматы»

Ақпараттық қолдау: «1 канал «Евразия», «НТК», MUZZONE TV, Business FM, RadioCitу, «Деловой Казахстан», «Қала мен Дала», «Новое поколение», «Московский комсомолец», Forbes.kz, Zakon.kz, Caravan.kz, Kursiv.media, Nege.kz, Arbat.media, Informburo.kz, Baigenews.kz, Zhatpa.kz, Weproject.media, DALA INSIDE телеграмы, Түркітілдес журналистер қоры мен «Қазақстандық пресс-клуб».

Рекомендовать
Последние новости