Өзбекстанда әтеш төбелесін ұйымдастырушы ұсталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Биыл 24 қаңтарда Наманган облысы Янги-Наманган ауданында ішкі істер органдары арнайы жедел іс-шара өткізген. Іс-шара барысында «Гүлістан» махалласының тұрғыны өз үйінде әтеш төбелесін ұйымдастырғаны анықталды.
Тексеру кезінде оның үйінде әтеш төбелесін көру және қатысу үшін 121 адам келгені белгілі болды. Олардың 12-сі өздерімен бірге әтеш әкеліп, жарысқа қатысу үшін әрқайсысы 1 миллион сумнан төлеген.
Бұл дерек бойынша ұйымдастырушыға Өзбекстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Құмар ойындар мен тәуекелге негізделген өзге де ойындарды ұйымдастыру және өткізу» бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ер адамға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр.
