Ата-аналарды балаға вакцина салу туралы құжатқа қол қоюға көндіруде: Ақпарат дау тудырды

Dalanews 06 сент. 2021 13:50 881

Желіде ата-аналарды мектеп оқушыларына коронавирусқа қарсы вакцина сал туралы келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіндігі туралы хабарламалар таратылуда, деп хабарлайды Dalanews.kz Stopfake.kz -ке сілтеп.

Оларға диаскин-тест жасауға және тұмауға қарсы егуге ақпараттандырылған келісім бланкісі беріледі екен. Оған қол қойған ата-ана баласын КВИ қарсы егуге рұқсат береді. Бұл фейк.

Шын мәнінде, мұндай бланкілер қазақстандық оқушылардың ата-аналарына берілмейді. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл жағдайға қатысты пікірін білдірді.



“Диаскин тест – бұл адамның туберкулезбен ауыратындығын анықтайтын нақты тест. Ол барлық балаларға бірдей жасалмайды. Оны Манту сынамасы оң нәтиже берген мектеп оқушыларына ғана жасайды. Диаскин-тест мектептерде емес, туберкулез диспансерлерінде және тек ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Тұмауға қарсы вакцинация да мектеп қабырғасында жүргізілмейді. Оның үстіне, бүгінгі күні Қазақстанда да, әлемде де бір уақытта тұмаудан да, КВИ-ден де қорғайтын поливакциналар жоқ”, – деп мәлімдеді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Демек, ата-аналарды балаларды егуге келісімге қол қоюға мәжбүрлейтіні туралы ақпарат фейк. Елімізде диаскин-тест те, тұмауға қарсы вакцинация да мектептерде жүргізілмейді.

Рекомендовать
Последние новости