Журналистер үшін бірегей сөздік таныстырылды

Dalanews 06 сент. 2021 13:52 1200

Бүгін «Қазмедиа орталығы» ғимаратында «СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігінің» тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

Жаңа кітаптың тұсаукесеріне ҚР Парламентінің депутаттары, іскерлік, қоғамдық, ғылыми және мәдени топтардың өкілдері, журналистер, сондай-ақ еліміздің мемлекеттік БАҚ басшылары қатысты.

«СӨЗТҮЗЕР. Қате қолданыстар сөздігінің» Отандық БАҚ материалдарының мониторингі негізінде білікті лингвистердің, тәжірибелі журналистер мен кәсіби редакторлардың қатысуымен әзірленген кітап.

Жоба авторлары еліміздің ақпараттық кеңістігінде мемлекеттік тілде жиі кездесетін қателіктерді анықтады, жіктеді және талдады.

Нәтижесінде қазақ тіліндегі сөздерді дұрыс пайдаланбаудың нақты мысалдары бар. Сондай-ақ, жалпы орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық қателер сөздігі жасалды. Онда сөздер мен сөйлемдердің дұрыс нұсқасын қолдану бойынша ұсыныстар берілген.



Айта кету керек, бұл осы бағыттағы алғашқы ауқымды жоба.

Жобаның басты мақсаты – БАҚ-та мемлекеттік тілді нығайту және дамыту.

Отандық БАҚ-тарға арналған қазақ тіліндегі сөздікті жасау идеясының авторы ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев болды. Жоба жетекшісі – ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы.

Сөздік бірінші кезекте қазақ тіліндегі БАҚ редакторларына, қазақ тілінде сауатты жазуға тырысатын қалың бұқараға тұрақты пайдалану үшін ұсынылады.

Оның басылымы БАҚ-та мемлекеттік тілді нығайтуға жаңа серпін береді және қалың жұртшылықтың, әсіресе жас ұрпақтың қазақ тілінде дұрыс сөйлеу және жазу қабілетіне оң әсер етеді.

Сөздік Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын мерекелеу шеңберінде ұсынылған және Қазақстан халқының Тілдері күніне орайластырылған. Шара Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Медиа Дамыту қоры» Корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шараның демеушісі – «Qazaqstan» РТРК.

Рекомендовать
Последние новости