Астаналықтар экоакцияға қатысып, фитнес клубқа жолдама ұтып алу мүмкіндігіне ие болды

Жарбол Кентұлы 20 апр. 2024 11:29 2898

Астанада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты ауқымды экологиялық акция өтуде. Бұл аптада «Киелі мекен» ұранымен өткен шара барысында тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандырылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экоакцияға қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мәдениет және спорт қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, шағын және орта бизнес (базарлар, сауда және ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар т.б.), еріктілер, мектеп оқушылары мен студенттер, МИБ (ПИК) қатысты.

Елорданың коммуналдық қызметкерлері қаланы абаттандыру мен тазалауға қолдау көрсетіп қана қоймай, түрлі акцияларды, челлендждерді, табиғатты қорғау шараларын ұйымдастырып жүрген астаналықтарға алғыс білдірді.

– Таңертеңнен бері қаланы тазалаумен айналысып келеміз. Осындай қамқорлық көрсетіп, белсенділік танытқандарға алғысымыз шексіз, – деді коммуналдық қызметкерлердің бірі.

Кең көлемді экологиялық науқан аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық орындар мен аулаларды тазалау жұмыстары да жүргізілуде.

Сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және көгалдандыру, сауда нысандарына жақын аумақтарды тазалау, көгалдар мен гүлзарларды ретке келтіру, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және т.б. жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Экоакцияға қатысушылар арасында (20-21 сәуір) фитнес-клубқа үш жазылым бойынша байқау өткізіледі. Оған кез келген адам қатыса алады.

Ол үшін сізге: Астана әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми аккаунтына (@akimat__astana) тіркелу, Instagram желісіндегі экоакцияда түсірілген видеоның түпнұсқасын жүктеп, оны #tazaAstana, #eco-actionAstana хэштегтерімен белгілеу қажет. Пост ретінде жариялануы керек, stories емес).

Байқау жеңімпаздары 23 сәуірде анықталады. Видеоны кез келген жерде, тіпті аулаңызды тазалау кезінде түсіре аласыз.

Астанада қаланың барлық ауданында жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр. Көпірлер, маңдайшалар, қоршаулар, аялдамалар жуылады, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, гүлзарлар, саябақтар, қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды.

Жол жұмыстары да басталып кетті. Биыл 200-ден астам көшедегі шұңқырларды жөндеу жұмысы жүргізілсе, тағы 50-ден астам көше орташа жөндеуден өтеді. Сондай-ақ тротуарларды, аулаларды, қоғамдық орындарды абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Естерңізге сала кетейік, бұл апта «Киелі мекен» деп аталады және тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын абаттандыру жұмыстарына арналған.

Елордада тұрғындарының белсенділігімен тазалық жүргізіліп, мәдени мұра нысандарының қасбеттерін, ескерткіштер мен іргелес аумақтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.

«Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызуға, екпелерді ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең – «Өнегелі ұрпақ», ол ардагерлер тұратын аулаларды және қарттар үйлерінің аумақтарын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші апта «Мөлдір бұлақ» деп аталады. Бұл апталықта су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.


Рекомендовать
Последние новости