Астанада жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі оң бағытта шешіліп келеді

Dalanews 12 окт. 2023 13:04 1947

Астана қаласының Статистика департаментінің мәліметінше, елордада 14-35 жас аралығында 440 мыңнан астам жас бар. Еңбекке қабілетті жастар саны – 298 мың, оның ішінде жұмыс істейтіндер 286 мың, жұмыссыз – 12 мың адам. Бұл туралы елорданың Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басқармасының басшысы айтуынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 0,6% төмендеді, яғни 4,6% болса, қазіргі таңда 4% құрайды (2023 жылғы ІІ тоқсан).

Бүгінде бас қалада жастарды жұмыспен қамту – өзекті мәселелелердің бірі десек болады. Бұл бағытта әкімдікпен бірнеше бағдарлама іске асырылуда.

Мысалы, жастарға арналған «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары жастарды жұмыспен қамту ісіне айтарлықтай септігін тигізуде.

– Әр тоқсан сайын жастарға арналған бос орындар жәрмеңкелерін өткіземіз. Осы уақытқа дейін «Жастар» сарайында, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-да және Есіл университетінде өткізілді. Алдағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі қазан айының 24-не жоспарланған. Жаз мезгілінде 4200 жас «Жасыл ел» жобасы аясында жұмыс істеді. Олардың арасында көпбалалы отбасылардан шыққан балалар – 2648, толық емес отбасынан шыққан балалар – 387, жетім балалар – 69, оқу орнында есепте тұрған – 11, отбасында бір мүмкіндігі шектеулісі бар – 34 бала, – деді басқарма басшысы.


Қайрат Қамбаров өз сөзінде жұмыспен қамту мәселесінде NEET санатындағы жастарды ерекше атап өтті. Яғни, NEET санатындағы жастар дегеніміз – оқу оқымайтын, жұмыс істемейтін азаматтар.

Олардың үлесі ІІ тоқсан қорытындысы бойынша 6,1% немесе 25 мың адамды құраған. Оларды әлеуметтендіру мақсатында «Жас жігер» жобасы ұйымдастырылады.

NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру және оларға көмек көрсету үшін әкімдік жүйелі жұмыстар жүргізуде. NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру үшін жауапты басқарма бірқатар шараны іске асырып жатыр. Бұл ретте басқарма қызметкерлері осы топқа жататын жастар арасында  мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттық буклеттер таратыып, жұмыссыз жүрген жастарға тоқсан сайынғы бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде түрлі жұмыстар ұсынып келеді.

– Осы уақытқа дейін олар «Жастар» сарайында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да және Есіл университетінде өтті. Келесі Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі 24 қазанға жоспарланған. «Freelance мүмкіндік» жобасы аясында таргетолог, SMM, видеограф, маркетплейс, мобилограф, графикалық дизайнер және веб-дизайнер сияқты цифрлық мамандықтар оқытылады, – деді Қайрат Қамбаров.

Сондай-ақ, Астанада жастарға қызмет көрсету орталықтары мен «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері жұмыс істейді. Бұл пунктерде елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру мәселелері бойынша тегін кеңес, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады.

Келесі жылы осы бағыттағы жұмысты күшейтіп, көптеген жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп қорытындылады спикер.

Қайрат Қамбаров жастар арасында мамандықтарын танымал ету мақсатында «Үздік» жобасы іске асырылуда. Бұл уақытқа дейін «Үздік тігінші», «Үздік ағаш ұстасы» байқаулары бойынша жеңімпаздар анықталған болатын. Алдағы уақытта басқа да мамандықтар бойынша байқаулар өтетін болады.

– Жастарға қызмет көрсету орталықтары және «Баршаға мүмкіндік» модульдік пунктері бар. Бұл пунктерде елорда тұрғындары жұмыс және цифрлық дағдыларды игеру бойынша тегін кеңес, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шаралары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ала алады, «Freelance мүмкіндік» жобасына жазылуға болады. Жоба елімізде үлкен сұранысқа ие цифрлық дағдыларға оқытуды ұсынады, – дейді басқарма басшысы


Сөзін жалғай отырып, өз саласында 6 жылдан астам кәсіби тәжірибесі бар, сонымен қатар Kaspi.kz, BI Group, Atameken, KazDream және т.б. жетекші компаниялармен жұмыс істеген, тәжірибелері бар курс оқытушыларымен келісімшарт жасалғанын да атап өтті.



– Сонымен қатар, курс студенттерінің BS Company, PR Agency, Мир керамики, NV Clinic сынды компанияларда тағылымдамадан өту және жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылған. Қазіргі таңда бірінші топ оқуын бастап кетті – 177 адам оқытылуда. Оқу аяқталғаннан кейін қатысушылар сертификаттар алады, ал олардың кандидатуралары «JUMYS TAP» Telegram-ботында тегін жарнамаланатын болады. Бұл шаралар «JOLTAP» жобасы аясында өткізілуде және оқыту толықтай тегін өтеді, – деді ведомство басшысы.

Сөз соңында «Еңбек мобильділігі орталығымен» бірге жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны, сол сияқты ары қарай да жалғасын табатынын жеткізді.

Рекомендовать
Последние новости