Астанада Достық пен Д. Қонаев көшелері бойындағы жол төсемінің жоғары қабатын салу жұмысы жалғасады,- деп хабарлайды Dalanews.kz
Осыған байланысты, 7-9 шілде аралығында көлік қозғалысы толығымен жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлап, мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықтарды азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады.