Астанада балалар лагеріне жалған жолдамалар ұсынған алаяқ ұсталды

Қаракөз Амантай 20 авг. 2025 09:58

Астанада Бурабай демалыс аймағындағы балалар лагеріне жалған жолдамалар ұсынған алаяқ ұсталды. Ол алдын ала төлем алып, кейін байланысқа шықпай қойған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Астанада әлеуметтік желі арқылы адамдарға Бурабайдағы балалар лагеріне жалған жолдамалар ұсынып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды.

Тергеу мәліметтері бойынша, 23 жастағы күдікті Zhastar_camp атауымен әрекет етіп, тұтынушылардан банк картасына алдын ала төлем талап еткен. Ақша түскен соң, ол байланысқа шықпай, ізін суытқан.

"Астаналық тұрғын жазғы демалыста баласын лагерьге жібергісі келіп, күдіктінің шотына 120 мың теңге аударған. Ақшаны алған соң, күдікті хабарласуды доғарып, жасырынған", – деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Құқық қорғау органдары осыған ұқсас тағы 16 факті анықтады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша барлық тергеу амалдары аяқталғаннан кейін процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Полиция қазақстандықтарға ұсынылып жатқан қызметтер туралы ақпараттың шынайылығын тексеруге, расталмаған адамдарға ақша аудармауға кеңес береді.


Рекомендовать
Последние новости