Кенет орманнан аш қасқыр шығып, бұтаның түбінде бірдеңе жеп отырған шалғышыны көріпті. Оған жақындап келіп:
– Оу, адам, жеп отырғаның не? – деп сұрапты.
– Нан деген дәмді тағам ба өзі?
– Дәмді болғанда қандай!
– Олай болса дәмін татып көрейінші.
– Келе ғой.
Шалғышы нанынан бір үзіп, қасқырға береді. Нан қасқырға қатты ұнап ақалды.
– Шіркін, күн сайын жеп тұратын тағам екен. Айтшы, бұл нанды қайдан алуға болады? – депті тамсанып ауызындағы нанды құмарланы шайнап.
– Қасеке мен саған нанды қайдан алуды емес, қалай табуды үйретейін, – депті шалғышы. Сөйтіп, шалғышы нан табу үшін не істеу керек екенін тізбекетп айта бастайды.
– Әуелі жерді жыртасың...
– Сонда жерден нан шыға қала ма?
– Жоқ, қасқыржан, сабыр ет. Содан соң жыртылған жерді тырмалайсың...
– Сонда әлгі нан тырманың тісіне іліге ме? – депті қасқыр құйрығын бұлғаңдатып
– Асықпа, қоя тұр. Содан, соң қара бидайдың тұқымын себу керек...
– Сонда нан әзір бола ма?
– Жоғ-а-а-а. Қара бидай жер бетіне қылтиып шығады. Бұдан кейін көктеп шыққан бидай суықта қар астында қыстап шығуы керек. Көктемде өсіп, гүлдесін, бас тартсын, содан соң піссін...
– Ой, тым ұзақ екен, әйтсе де күтуге тура келеді. Сонсоң нанға бір тояды екенсің ғой.
– Қайдағы тойған! – депті шалғышы оның сөзін бөліп, – Әлі ерте. Әуелі піскен қара бидайды орып аласың. Содан соң баулайсың. Бау-бауымен бір- бірне сүйеп, жинайсың. Қара бидай жел қағып, күн көзіне әбден кебеуі керек. Содан кейін қырманға апарасың...
– Апарсам, қара бидай бірден нан бола ма? Өзің қандай сабырсыз едің? Әуелі бауларыңды бастырасың. Түскен астықты қаптарға салып, диірменге апарасың. Диірменде қара бидай ұн болып тартылып шығады...
– Болды ма?
– Жоқ, әлі болған жоқ.
Ұнды тегенеге салып илейсің де, көтерілуін күтесің. Содан соң қалыпқа салып, пешке коясың.
– Қамыр нан боп піседі ғой?
– Иә, нан боп піседі. Міне, оны сонда ғана жейсің, – депті шалғышы нанның қалай дайын болатынын айтып. Қасқыр желкесін қасып біраз ойланып тұрады да:
– Жоқ! Бұл – іш пыстыратын ауыр, әрі жұмыс екен. Одан да маған тамақ табудың оңай, жеңіл жолын айтшы.
– Несі бар, айтайын, – депті шалғышы. – Өріске бар. Онда ат жайылып жүр.
Қасқыр өріске келсе расымен да ат жайбырақат жайылып ж.р екен. Атты көріп:
– Ат, ат! Мен сені жеймін! – дептi.
– Жей ғой, – депті ат. – Айтпақшы, тісіңді сындырып кетпес үшін, әуелі табанымдағы ескі тағаларды алып таста, – дейді ат.
– Мұның да жөн екен, – депті қасқыр құп көріп. Сөйтіп, тағаны шығарып алмақ болып еңкейе бергенде, ат аузынан сарт еткізіп теуіп кеп жіберіпті. Тоңқалаң асып, домалап түскен қасқыр құйрығын екі бұтының арасына қысып қаша жөнеліпті. Сол бетімен өзенге келсе, жағада бір топ қаз жайылып жүр екен. «Осыларды жегенім жен болар» деп ойлапты ол. Сөйтіпті де:
– Қаздар! Қаздар! Мен сендерді жеймін! – депті.
– Жегің келсе, жей ғой, – деп шулапты қаздар. Тек өлер алдында біздің бір тілегімізді орындасаң.
– Ол қандай тілек? – деп сұрапты қасқыр.
– Бізге бір ән салып берсең. Біз рахаттанып бір тыңдасақ.
– Бұл қолдан келетін шаруа. Әншінің әншісі мендей-ақ болар.
Қасқыр кесілген ағаштың түбіріне шығып, шоқиып отыра алып, тұмсығын көкке созып, ұли жөнеледі. Осы кезде қаздар қанаттарын қағып, ұшып кетеді. Қасқыр түбірден түсіп, қаздардың соңынан қарап тұрып: «Не деген ақымақпын мен? Ән салып нем бар еді? Енді не кездессе де, бірден бас салам» депті күйініп.
Сөйткенше болмапты, жолмен жоғары өрлеп бара жатқан шалды көріпі. Оған жетіп барып:
– Атай, мен сені жеймін, – депті.
– Неменесіне асығасың? – депті шал. – Әуелі темекі иіскеп алайық.
– Ол дегенің тәтті ме?
– Байқап көр, білесің.
– Әкел ендеше.
Шал қалтасынан темекі толы дорбасын шығарып, әуелі өзі иіскеп де, сондан соң қасқырға ұсыныпты. Қасқыр бір иіскегенде молынан иіскемек болып, демін барын салып тартқанда, дорбадағы темекіден бір түйірі қалмай, түгел ішіне кетіп. Содан қасқыр бүкіл орманды басына көтеріп түшкіре бастапты... Көзінен copғaлап аққан жастан ештеңе көрінбей, түшкіре беріпті, түшкіре беріпті. Түшкірігі басылғаннан кейін қараса, шал тұрмақ, ізін де таба алмапты.
Қасқыр әрі қарай жүріп кетіпті. Жүре-жүре жайылып жүрген бір отар қойға кез болыпты. Қойшы ұйықтап жатыр екен. Қасқыр содан соң отардың ішіндегі ең еттісі ғой деп, ең үлкен қошқарды ұстап алып:
– Қошқар, қошқар! Мен сені жеймін, – депті.
– Жей ғой. Маңдайыма жазылғаны сол шығар, – депті қошқар. – Тек жаным ұзақ қиналмас үшін, әрі кәрі сүйегім тісіңді сындырып кетпес үшін, сен ана жыраның жиегіне барып аузыңды ашып тұра қал да, мен анау төбенің басынан құстай ұшып барып, аузыңа өзім кіріп кетейін.
– Ақылың үшін рақмет. Сөйтсем, сөйтейін, – деп, қасқыр жыраның жиегіне барып, аузын апандай қылып ашып, тұр ақалыпты. Ал қошқар қарсы беттегі төбеге шығыпты да, екпіндей жүгіріп, қос мүйізімен қасқырдың қақ маңдайынан періп кеп жіберіпті. Қасқыр екі көзінен сансыз ұшқын жарқ-жұрқ етіп, басы айналып, құлап түседі.
Бір заматта есін жиған соң, тұрып жан-жағына қарапты да:
– Мен оны жедім бе, жемедім бе осы? – депті өз өзіне.
Оның сөзін жұмысын бітіріп, дем алуға қайтып бара жатқан шалғышы естіп: «Әрине, жеген жоқсың. Есесіне жеңіл нанның дәмін таттың» депті.