Армения парламенттік басқаруға өтеді

Dalanews 01 янв. 2017 06:02 820



Армения президенті Серж Саргсян 2017 жылы 2 сәуірде парламент сайлауын өткізу туралы қаулыға қол қойды, саяси науқаннан бір жылдан соң Армения қазіргі жартылай президенттік формадан парламенттік басқаруға өтеді, деп хабарлады Reuters.





2015 жылы желтоқсанда Армения тұрғындары президенттің билігін шектеп, үкіметтің құзыретін күшейтуге арналған конституциялық заң жобасын референдум арқылы қолдады. Президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға дейін ұзарады, бірақ оның құзыреті шектеледі.

Оппозиция бұл заңға қарсы шығып, Саргсян премьер-министр қызметіне ауысу арқылы билігін сақтап қалғысы келеді деген күдіктерін айтты. Саргсян мұндай айыптауларды жоққа шығарып отыр.

Саргсян президенттік қызметте 2018 жылға дейін отырады. Одан соң ел парламенттік басқару формасына өтіп, президентті парламент сайлайтын болады.



Рекомендовать
Последние новости