Арысқа газ келетін күн жақын

Dalanews 14 авг. 2018 15:26 867

Түркістан облысы, Темірлан елді мекенінен Арыс қаласына дейін жоғарғы қысымды магистралдық газ құбыры тартылғаны белгілі.

Бүгін осы құбырды Арыс қаласының негізгі газ құбырына қосу шарасына орай салтанатты жиын өтті. Жиында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек тұрғындарды «көгілдір отынмен» қамту мәселесі үнемі басты назарда тұрғанын атап өтті.

– Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуіндегі 5-ші бастамасына сәйкес, қалаға газ құбырын тарту шаһарымыз үшін аса маңызды әрі көптен күткен тарихи оқиға. Елбасымыздың бастамасымен облысымыздың қалалары мен аудандарын газбен толық қамтамасыз ету үшін «Бейнеу – Бозой – Ақбұлақ» магистральды газ құбыры тартылды. Осы құбырдан Арыс қаласына да газ жеткізіледі, – деді қала әкімі.

Арыс қаласын «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету 3 кезеңнен тұрады. Яғни, 2018-2025 жылдар аралығында тиісті жұмыстар жүргізіліп, арыстықтар табиғи газбен толық қамтылады деген жоспар бар.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости