"Аргентина президентіне қараңызшы!". Расул Рысмамбетов өз таңданысын жасыра алмады

Кәмшат Тілеухан 22 янв. 2025 15:19 265

Қазақстан экономикасында кедейлер санын күрт арттыруға ықпал етуші либералды реформалар жүргізілуі мүмкін бе? Ал ол қандай сипатқа ие? Мұнымен қаржыгер-сарапшы Расул Рысмамбетовтың желідегі жазбасынан қанық болып, оны өздеріңізде сол күйінде аударып беруді жөн көріп отырмыз, деп жазады Dalanews.kz.

"Аргентина президенті-Хавьер Милейді айтамын, қандай тамаша! Дәлірегінде, оның мінсіз экономикалық саясаты ше? Мінсіз дейтінім, экономика туралы классикалық кітаптардың барлығындағы дүние қамтылған ғой, шіркін. Әсіресе, біздер шырылдап, зар қаққалы қай заманғы либералды реформалар қолға алынған екен мұнда. Онда да бір-ақ жыл болыпты. Хавьер-Милейдің билікке келгеніне. Ол 2024 жылы желтоқсанда президент лауазыма кіріскен. Содан келе салып, ол, ең бірінші кезекте мемлекеттік шығындарды қысқартады ғой, әне. Электр энергетиясы, газ, көлік дейсіз бе, барлық мемлекеттік субсидияларды алып тастайды. Әрине, сәйкесінше, бағалар көтерілген. 

Үкіметті де "шорт кескен": сөйтіп 18 министрліктен тоғызы қалады, оңтайландырған, біріктірген, тағысын тағы дегендей.

Салық жүйесін реформалаған: бұрынғы салық қызметін түп-тамырымен қопарып "жұлып тастаған". Оның орнына ARCA деген жаңа орган құрады. Оның мақсаты – салық жиыны тиімділігін арттыру және бюрократияны қысқарту.

Ұлттық валюта девальвацияға ұшырайды: песо экспортты қолдау және экономиканы сауықтыру үшін 50%-ға бір-ақ құнсыздандырылады. Әрине, тауарлар мен қызметтер бағасы күрт өсіп шыға келді.

Инфляциямен күрес басталады: қатаң фискальды саясат пен мемлекеттік шығындарды қысқартудың арқасында 2023 жылы желтоқсанда 211,44% болған инфляция 2024 жылы қазанда 2,7% болды.

Экономикалық шешім тұрғысында сырттай қызығатындай бұл өте тамаша жағдай агентиналықтар үшін, әрине оңай болмағаны анық, бірақ сайлаудың әділдігіне сенімді олар жаңа президентке арқа сүйеп, шыдап бағып келеді.

Иә, жүргізілген бұл реформалар қараша тарапынан қолдау да тауып, сонымен қатар қатаң сынға да ұшырап жатқан жайы бар. Бір жағынан, кедейшілік деңгейі күрт өссе (ресми түрде халықтың 52+% кедей), бір жағынан, экономикалық көрсеткіштер тұрақтана бастады.

Бұл арада басты мына екі жайтты ерекше атай кетейін:

  1. Лезде әсері бар либералды реформалар макроэкономикалық шеңберде жұмыс істейді және егер оларды біршама уақыт ұстанатын болсаңыз, теориялық тұрғыдан кедей өмір сүруден шаршаған адамдардың экономикалық белсенділігінің артуы түрінде нәтиже шығады. Сирек жағдайларда және көбінесе үшінші күштердің қолдауымен мұндай реформалар әлеуметтік шиеленісті қоздыруға тиек бола алады және либералды реформалардан кейін үкімет мүшелері күн сайын ел алдына шығып, байланыс орнатып отыру қажет болады.
  2. Аргентина билігіндегі ең жоғары мандат президентке тиесілі және реформалар оның атынан жүргізіліп, оны жекелей өзі ел алдына шығып жариялайды.

Сондықтан, егер қазақстандық экономикалық қауымдастық реформа жүргізуге шақырса, оны президенттің өзі жариялап, жүзеге асыруы тиіс. Мысалы, алдағы көктемде сөйтсе болады.

Либералды экономикалық реформаларды жүзеге асыру кезінде табиғи жолмен жағдайды түзеткенге дейін кедейлердің қарасының күрт көбеюіне дайын болу керек. Бірақ жағдайдың түзелуі көптеген факторға байланысты ұзарып та кету қаупі бар", деп жазады сарапшы желіде.  


Рекомендовать
Последние новости