Ақтаудағы ұшақ апаты: Қара жәшіктегі жазбалар жақында Астанаға жеткізіледі

Қаракөз Амантай 08 янв. 2025 17:49 580

Қазақстанның Көлік министрлігі алдағы күндері Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшағын тергеу комиссиясының мүшелері Астанаға келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

“Комиссия мүшелері келген бойда ұшақтың қара жәшіктерінен алынған мәліметтерді зерттеуге дереу кіріседі”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақтау маңындағы ұшақ апатының тергеу қорытындысы 2025 жылдың соңына дейін жарияланады. Embraer 190 ұшағының Ақтау маңындағы апаты бойынша тергеудің қорытындысы 2025 жылдың соңына дейін жарияланады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

31 желтоқсанда BIZDIÑ ORTA подкастында Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев апаттың алдын ала есебі 30 күн ішінде жарияланатынын мәлімдеді. Дегенмен Көлік министрлігі бұл тергеу жұмыстары Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ережелеріне сәйкес 12 айға дейін созылуы мүмкін екенін түсіндірді.

Айта кетейік, 2024 жылы 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл - Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы.

Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды. Жалпы қаза тапқандар саны — 38. Қайғылы оқиғадан 29 адам аман қалды.

Қайғылы оқиғадан кейін Әзербайжанда Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды. Түсте бүкіл ел бойынша мемлекеттік тулар түсіріліп, көліктер тоқтады. Әзербайжандықтар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кейінірек Чикаго конвенциясының 13-қосымшасына сәйкес Қазақстан Әзербайжан мен Ресейдің авиациялық органдарымен ақылдасқан соң, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын комиссия Embraer ұшағының қара жәшігін Бразилиядағы CENIPA орталығына жіберу туралы шешім қабылдады.


Рекомендовать
Последние новости