Ақтауда олигарх Сәрсеновтің жері қалай қайтарылды және бұл іске Құлыбаевтың қандай қатысы бар?

Көркем Алдабергенова 02 июл. 2025 11:12

Каспий жағалауындағы ең тартымды жер қалайша әуелі «Маңғыстаумұнайгаз» мұнай алыбының, кейін миллиардер Сарсеновтың қолына өтіп, арада 20 жыл өткен соң қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz Orda.kz-ке сілтеп. 

Каспий жағасының бойында орналасқан элиталы «Самал» ықшам ауданында жергілікті элитаға тиесілі зәулім үйлер бой көтерген - бір қабатты, екі қабатты, бассейндері, жеке шіркеуі, тіпті ат жарыс алаңы бар үйлер. Коттедждің үстіне коттедж, сән-салтанаттың шегі жоқ. Мұнда кім тұрады? Халық айтуынша - шенеуніктер, жоғары лауазымды құқық қорғау органдарының өкілдері мен мұнай саласының алпауыттары. Мұны нақты тексеру мүмкін емес, бірақ күмән келтіру де қиын.

Осы «қазақстандық Рублёвкаға» жапсарлас орналасқан 226 гектарлық алып жер телімі жылдар бойы бос тұр. Бұл аумақты жұрт «Президент резиденциясы» деп атайды.

Бұл жердің пайдаланылмау себебі – жарамсыздығынан емес, керісінше, тым қолайлы болғанынан. Каспий жағалауындағы ең керемет мекен: тыныш, кең, көкжиекке ашық, тіпті яхта қоятын жеке шығанағы бар. Нағыз жұмақ бұрышы, ол қалай екені белгісіз, жеке меншікке өтіп кеткен.

2000-жылдардың басында Ақтау әкімдігі бұл жер телімін айтарлықтай төмен бағамен өңірдегі ірі мұнай компаниясы - «Маңғыстаумұнайгазға» сатқан. Мақсат – сол жерде «Villa» тұрғын үй кешенін салу болған. Жер аукционсыз және Жер кодексін бұзу арқылы берілген. Жер сатып алған компания акционерлерінің қатарында есімі кез келген есікті ашатын адам – Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев болған.

Алайда, бұл Каспий жағалауындағы «дәмді» аумақта ешқандай виллалар салынбаған. Кейіннен мұнай-газ компаниясы бұл жердің жартысын «Oil Real Estate» ЖШС-ге сатқан. Ал бұл компания – Forbes тізімінде жүрген белгілі миллиардер Рашит Сарсеновке тиесілі.

Мүмкіy егер 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары мен одан кейінгі «олигархтарды майсыздандыру» дәуірі басталмаса бұл туралы қоғам ешқашан білмей қалатын еді. Дәл осы жылы Ақтау қаласының прокуратурасы 20 жыл бұрын жасалған мәмілеге назар аударып, әкімдік пен «Маңғыстаумұнайгаз» арасындағы келісімшартты тексере бастады. Нәтижесінде, жер телімінің бизнеске заңсыз берілгені анықталған.

2002 мен 2004 жылдар аралығында сол кездегі Ақтау әкімі - кейін Мәжіліс депутаты болған Серік Оспановтың шешімімен Каспий жағалауындағы үлкен аумақ бөліп-бөліп, сол кезде әлі «ҚазМұнайГаз» құрамына кірмеген, тәуелсіз мұнай-газ өндіруші компания болып есептелген «Маңғыстаумұнайгазға» сатылған. Компанияның негізгі акционері сол кезде Тимур Құлыбаев болған.


Рекомендовать
Последние новости