АҚШ-тың мемхатшысы Майк Помпео Қазақстанға келе жатыр

Dalanews 25 янв. 2020 10:59 773

1-2 ақпан күндері АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан астанасына сапарлайды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«2020 жылғы 1-2 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның Нұр-Сұлтан қаласына сапары жоспарлануда. Сапар аясында М. Помпеоның мемлекет басшылығымен және ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесулері қарастырылған. Кездесулерде екіжақты және өңірлік ынтымақтастық, сондай-ақ жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелері талқыланады» делінген ҚР СІМ хабарламасында.


Айта кетейік, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Нұр-Сұлтан қаласына 2020 жылғы 5 қаңтарда келуі тиіс еді.

Алайда Ирактағы жағдай мен америкалықтардың Таяу Шығыстағы құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бұл сапар кейінге қалдырылды.

 

Рекомендовать
Последние новости