Ақайдар ауылы тұрғындары жыл соңында жаңа модульдік медициналық пунктте ем қабылдайды

Dalanews 08 нояб. 2018 11:40 1086

Бүгінгі жұмыс күнін Төлеби ауданы әкімі Бауыржан Омарбеков Киелітас ауылдық округін аралаумен бастады.

Сұлтан Рабат елді мекеніндегі Қаражол, Қызылжар көшелерінің тұрғындарын көктемгі-күзгі мезгілдерде жауынның толассыз жаууынан көше бойы суға толып, халықты әбігерге салып жататын. Ленгір қаласының Жаңа құрылыс поселкесіне жүргізілген суағар жүйесін Ленгір-Бірінші Мамыр тас жолының қиылысынан Қаражол, Қызылжар көшелерінің бойымен Бадам өзеніне дейін 700 метрге су ағар жүйесін салуға алдағы уақытта қаржы қарастырылып, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа және Киелітас ауылдық округінің әкімі Полат Төребековке Достық елді мекеніндегі №16 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектебінің жанынан өтетін «Зелёный клин» каналына қойылған үш дана құбырды заң аясында реконструкция жасап, су өткізу қабілетін арттыру тапсырылды.

Аудан әкімі Ақайдар ауылында құрылысы басталған жаңа модульдік медициналық пунктінің жай-күйін көрді. Қазіргі таңда, Ақайдар елді мекеніндегі медициналық пунктің дәрігерлері жеке меншік үйде жалға отырып халыққа ем көрсетуде. Осы орайда, 503 ауыл тұрғындары жыл соңына дейін заманауи жаңа модульдік медициналық пунктте ем қабылдайтын болады. Аудан аумағында 7 модульдік медициналық пункттер соғылуда.

Мал шаруашылығын дамытуда Киелітас ауылындағы ескі ферма орнындағы төрт гектар жерге, бірегей типтік мал бордақылау алаңшаларын соғу бойынша аудан басшысы Бауыржан Омарбеков, аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаевқа, ауылдық округтің әкімі Полат Төребековке, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Мұхтар Өсербаевқа елді мекен тұрғындары мен шаруақожалық төрағаларының басын кооперавтивке біріктіріп, мал бордақылау алаңшаларын соғуға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Әкімдік өз кезегінде, мал бордақылау алаңшаларын инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді өз мойнына алатын болады.

 

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Рекомендовать
Последние новости