Ақ жолдың үміткері Қазақ елі деген атауды қайтару керектігін айтты

Dalanews 25 февр. 2023 12:29 883

Жетісай қаласындағы Мәдениет үйінде “Ақ жол” партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндірілді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Басқосуға ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, партиялық тізім бойынша Парламентке үміткер  Қазыбек Иса, Жетісай аудандық мәслихаттыққа кандидат Эльмира Темірбаева, "Ақ жол" ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, "Ақ жол" демократиялық партиясының партиялық тізіммен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Әлімхан Досыбайұлы Абжанов қатысты.

Кездесу барысында ақын Қазыбек Иса не үшін “Ақ жолдың” сайлауалды бағдарламасы жайындағы ойын ортаға салды.

–“Ақ жол” – парламенттік сайлауға 6 рет, президенттік сайлауға 2 рет қатысқан партия. 20 жылдық тарихы бар партия осы уақытқа дейін атауын өзгертпеген, құрамын көбейткен. Алаштың ұлттық идеясын ұсынатын, тіл, кәсіпкерлік саласындағы бірқатар мәселені көтеріп, олардың шешілуіне ықпал еткен, – деді Қазыбек Иса.


Сонымен қатар, Партиялық тізім бойынша Парламентке үміткер Қазыбек Иса:  “-стан” сөзінен арылу керектігін жеткізді.

Оның айтуынша:  “-стан” сөзінің өзі республика деген мағынаны білдіреді. Сондықтан “Республика” сөзі екі  рет қайталанып тұр.

Қазақ Республикасы немесе Қазақ елі деген атауды қайта қайтару керектігін атап өтті.

Бұдан бөлек, жиында кәсіпкер Әлімхан Досыбайұлы да партияның артықшылықтарын айтты.

Рекомендовать
Последние новости