Әлия Назарбаеваның мойнына қыл арқан түсті - Dala Inside

Dalanews 19 янв. 2024 14:00 1922

"Самұрық-Қазына" қорына қарасты "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының сатылған әр билетінен жекеменшік "Instant Payments" фирмасына ақша түсіп отырған. Жалпы алғанда тоғыз жылда 5,7 миллиард теңге аударылған, деп хабарлайды Dalanews.kz DALA INSIDE телеграм арнасына сілтеп.


Арнаның хабарлауынша, компанияның қазіргі қожайыны кезінде "Оператор РОП" штатында қызмет еткен Диас Мәдиқожин. Оның атында криптовалютамен айналысатын "Global crypto mining limited" фирмасы тіркелген. Одан бөлек ауыл шаруашылығындағы лизинг бойынша қызмет көрсететін "Leasing group" компаниясында үлесі бар. Ол туралы бірінші болып "Еуразия" телеарнасы хабарлаған.


Осылайша, Әлия Назарбаеваның мойнына қыл арқан түсті. Және ол жайлап тартылып келеді.


"Әлияға қатысты қылмыстық істің қозғалуына жетерлік 18 томдық дәйек жиналды. Әсіресе РОП-тың құрылтайшысы болған, Әлия Назарбаеваның үй күтушісі деп саналатын Шынар Мұхтарованың Дубайдан экстрадициялануы көп көмектесті. Ол тергеуде қажет барлық ақпаратты берді. Тергеумен келісіп, шартты жазаға кесіліп, бостандыққа шықты", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


 

Қазір Дариға, Динара мен Әлия Назарбаевалардың қылмыстық іс орбитасына ілініп, Интерпол арқылы қудалауға ұшырамауына Кремль ара-ағайындық етіп, "Жаңа Қазақстан" фемидасын әрең ұстап тұр. Бірақ ол статус-кво қанша уақытқа дейін созылатыны белгісіз.


https://dalanews.kz/news/98228-deputat-zher-silkinisi-turaly-turgynd

Рекомендовать
Последние новости