«Әлия» ән байқауы Кентауды әсерлі әнмен әлдиледі

Dalanews 18 окт. 2018 05:39 882

Кентау қаласында композитор, Қазақстанға Еңбек сіңірген өнер қайраткері С.Бәйтерековтың құрметіне арналған облыстық «Әлия» бауқауы өтті. Көптеген жылдардан соң, қайта қолға алынған шара Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр.

Сәні мен салтанаты жарасқан сахнада сөз алған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев алғаш рет 1999 жылы бастау алып, кейіннен тоқтап қалған байқау «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайта жаңғырып отырғандығын жеткізді. Әйгілі композитор, Қазақстанға Еңбек сіңірген өнер қайраткері С.Бәйтерековтың өмірі мен өнер жолына арнайы тоқталып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы байқауға облыс аумағынан 16 жас орындаушы қатысып, композитордың әндерін орындады.

Әнші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Марат Омаров төрағалық еткен әділ қазылар алқасының құрамында ҚР Халық әртісі, профессор Қажыбек Бекбосынов, С.Бәйтерековтың жұбайы Ләззат Аханова, композитор Бекжігіт Сердәлі, С.Бәйтереков атындағы халықаралық «Әлия» фестивалінің 1999 жылғы гран-при жүлдегері Мақсат Айтжанов және С.Бәйтереков атындағы музыка мектебінің директоры Аманбек Тұрсынбеков болды.

Қорытындысында Созақ ауданынан келген Талғат Созақбай бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орын жерлесіміз Балымша Сабырға бұйырса, Келес ауданынан келген Бексұлтан Отарбеков екінші орынды иеленді. Үшінші орынды Арыстық Сейілхан Ердос пен Төлебилік Жания Төлепберген өзара бөлісті.

Бұдан бөлек Бәйдібектен келген Қуат Қасенов «Сахна шебері», Отырарлық Ұлжалғас Әбілдахан «Ең жас орындаушы», Қазығұрттық Нұрбек Қожатов «Көрермен көзайымы» номинацияларын жеңіп алды.

Рекомендовать
Последние новости