Алты ай бойы аңдыған: Астанада қыздың қыр соңынан қалмаған тұрғын сотталып кетті

Сағыныш Сардарова 10 февр. 2026 10:19

Астанада сталкинг жасаған адам сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қала тұрғыны жәбірленуші өзімен қарым-қатынас орнатқысы келмейтінін біле тұра, алты ай бойы аңдыған.

Байланысты тоқтату туралы талаптарды, мессенджерлердегі бұғаттауды, сондай-ақ, қолданыстағы қорғау нұсқамасын елемей, ер адам жәбірленушіні қудалап, оның келісімінсіз бейнежазбаға түсіріп, психологиялық қысым көрсеткен.

Сот үкімімен күдікті сталкинг жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тартылып, моральдық зиян өтеуге міндеттелді. Десе де бұған дейін бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп, оның шарттарын бұзғанын ескере отырып, өтелмеген жаза бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте сталкинг жасаған екі күдікті қамауға алынды. 


Рекомендовать
Последние новости
// Banner remove