Альпинистер «Түркістан» шыңына арнайы тақтайша орнатты

Dalanews 25 июл. 2023 05:17 1251

«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Түркістан» деп аталатын тау шыңына облыстың құрылғанына 5 жыл толуына орай арнайы тақтайша орнатылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл бастама Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ЖШС-нің ұйымдастыруымен өткен «Түркістан таулары» экотуристік фестивалі аясында жүзеге асырылды.

«Ontustik Alpinism» альпинизм федерациясының жетекшісі Тарас Моисеев бастаған альпинистер тобы Батыс Тянь-Шань сілемдерінде (Өгем жотасы) орналасқан 3700 метр биіктіктегі «Түркістан» шыңын бағындырды.


Аталған федерация тау туризмін дамыту бағытында кәсіби түрде айналысады.

Альпинистер тауға көтерілген соң видео-сәлемдеме жолдап, тарихи сәттің әсерімен бөлісті. Түркістан облысының әкімдігі сыйлаған мүмкіндіктің маңызы зор екенін атап өтіп, мұндай шараларға белсене қатысатындарын жеткізді.

Еске салсақ, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев фестивальдің ашылу салтанатында таудың шыңына орнатылатын тақтайшаны ұсынған болатын

Рекомендовать
Последние новости