Алматыдағы автобус апатына кінәлі продюсерге сот үкімі шықты

Көркем Алдабергенова 29 нояб. 2024 15:40 1923

Алматыдағы автобус апатына кінәлі деп танылған "5:32" сериалының продюсері Анель Сартаеваға қатысты сот үкімі шықты. Оған 2,5 жыл бас бостандығынан айыру және 5 жыл көлік жүргізу құқығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сотталушының кішкентай сәбиі болуына байланысты жазаның орындалуы үш жылға шегерілді.

Алмалы аудандық сотында көлік құралдарын жүргізу кезінде жол қозғалысы ережелерін бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соққан (ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі) сотталушы Сартаеваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол көлікті басқарып, көше бойымен келе жатып, «жол бер» белгісін елемей, жол бөлігіне шығып кетіп, автобуспен соқтығысқаны анықталды. Соқтығыстың салдарынан автобус инерциялық жолмен бағдаршамға соғылып, одан кейін тротуарға шығып кетіп, дүкен ғимаратына соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жолаушысы К., жедел медициналық жәрдем келгенше көз жұмды.

Тараптардың ұстанымы
 
Продюсер өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, жас баласы бар болғандықтан, бас бостандығынан айырмауды сұрады.
 
Зардап шеккен тарап, қайтыс болған жолаушының ұлы сотта сотталушыны кешіріп, оған ешқандай талап қоймаған.
 
Прокурор соттан сотталушыны 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыруды сұрады.
 
Сот шешімі
 
Сот үкімімен С. ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, 5 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
 
ҚК-нің 74 бабының 1-бөлігі негізінде үкімді орындау 3 жылға, баласының жасы 3 жас 9 айға толғанға дейінгі мерзімге шегерілді.
 
Іс бойынша жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар кінәсін мойындау, істеген ісіне өкіну, асырауында жас баланың болуы болды.
 
Іс бойынша ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ

Рекомендовать
Последние новости