Алматыда «Сергек» жүйесі жол апаттарын 17%-ға төмендетті

Жарбол Кентұлы 29 нояб. 2024 15:36 560

Алматыда жол-көлік оқиғаларының саны «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін енгізгеннен кейін 17%-ға азайды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалалық цифрландыру басқармасының басшысы Олжас Жанабектің айтуынша, «Сергек» кешендерінің үш жылдық жұмысы барысында Алматы жолдарында апаттар мен өлім-жітім деңгейі айтарлықтай төмендеді.

Бүгінде мегаполисте 1641 «Сергек» кешені жұмыс істеп тұр, бұл 9152 бейнебақылау камерасын қамтиды. 2021 жылдан 2024 жылдың шілдесіне дейінгі аралықта жолдардағы өлім-жітім 40%-ға, жол-көлік оқиғаларының саны 17%-ға, ал апат салдарынан жарақат алғандардың саны 30%-ға азайды.

Сонымен қатар, жоба іске қосылғаннан бері қалалық бюджетке 44,08 миллиард теңге түскен.

Айта кетейік, тек биылғы жылдың тоғыз айында Алматыда 3 миллионнан астам құқық бұзушылық тіркеліп, 18,6 миллиард теңгеден астам айыппұл өндірілген.


Рекомендовать
Последние новости