Алматыда пилоттық жоба аясында 200-ден астам жануарға шұғыл ветеринарлық көмек көрсетілді

Ақтоты Жапатова 25 авг. 2025 15:22

Алматыда іске қосылған арнайы мобильді бригадалар 200-ден астам жануарға шұғыл ветеринарлық көмек көрсетті. Жобаны Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының «Алматы ветеринарлық қызметі» қолға алған,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл қызмет биыл 18 ақпанда басталды. Құрамында тәулік бойы жұмыс істейтін екі мобильді бригада бар. Олар қиын жағдайда қалған жануарларға алғашқы көмек көрсетіп, бұрын босатылған жануарларға құтыруға қарсы қайта екпе егумен айналысады.

Осы уақытқа дейін 223 жануарға көмек көрсетілді. Оның ішінде 154 ит, 64 мысық, бір есек, бір жылқы, екі елік және бір үкі бар. Сонымен қатар 1 259 итке қайта екпе егілді.

158 жануар сауығып, өз мекеніне қайтарылды. Ал екі елік Алматы зообағына берілді.

Мамандардың айтуынша, жануарлардың жағдайын үнемі бақылау – олардың қауіпсіздігін арттырып, түрлі аурулардың таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.


Рекомендовать
Последние новости